» » Қалыптастырушы тапсырмаларды дұрыс әзірлеу арқылы білімдегі олқылықтарды жою

 
 
 

Қалыптастырушы тапсырмаларды дұрыс әзірлеу арқылы білімдегі олқылықтарды жою

Автор: admin от 24-01-2024, 04:43, посмотрело: 17

0 Мақала
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана,
шәкірт жанына нұр құя алады»
А.Байтұрсынов
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қаңтар айының 19 жұлдызында «Қалыптастырушы тапсырмаларды дұрыс әзірлеу арқылы білімдегі олқылықтарды жою» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты:Қалыптастырушы тапсырмаларды дұрыс әзірлеу арқылы, білімдегі олқылықтарды жоюдың жолдарын қарастыру.
Міндеттері:
Жаратылыстану пәндері бойынша білімдегі олқылықтарды анықтау;
Өткен тақырыптар бойынша олқылықтардың орнын толтыру жұмыстарын жандандыр;
Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, олқылықтарды жоюды қарастыру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларға ақпаратты визуалды түрде беру арқылы есте сақтау қабілеттері артады;
Білімдегі олқылықтарды анықтау барысында оқушының білім деңгейі артады;
Өткен тақырыптарды қайталау арқылы білімдері толығады;
Жаратылыстану пәндерінен әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдануда оқушының қызығушылығы артады;
Семинарды мектеп директоры Алтынкүл Мәдиомарқызы құттықтау сөзімен ашты. Жаратылыстану пәндерінің аудандық білім бөлімінің әдіскері Сержанкүл Әметқызы салтанатты түрде әріптес ұстаздарға сәттілік тіледі. Мектебіміздің психологы Тулеулиева Куралай «Тамаша көңіл күй» атты тренинг өтізіп ұстаздарға тамаша көңіл күй сыйлады.Келесі кезекте бағдарламаның жоспарына сай физика пәнінің мұғалімі жас маман Сайлаубаев Бекнар Әділетұлы «Қалыптастырушы тапсырмаларды әзірлеу» тақырыбындағы коучинде, семинарға қатысушы ұстаздарға біраз сауалдар қоя отырып, ой толғаныс,сауалдарға жауап алып әріптестерінің ойын ұсынысын қорытып рефлексия беріп,кері байланыс жүргізді. Физика пәнінің мұғалімі Акипов Исабали Уматович «Сборка электрической цели и измерение силы тока и наприжения» тақырыбында зертханалық жұмыс, биология пәнінің мұғалімі Медеубаева Айгерім Жуасбекқызының «Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі», химия пәнінің мұғалімі Кашаганова Риза Маратбекқызының «Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері», физика пәнінің мұғалімі Окаева Қарлығаш Қуанышбекқызының «Қатты денелердегі қысым»,биология пәнінің мұғалімі Берзимбетова Рахат Мактабековнаның «Митоз и его фазы», информатика пәнінің мұғалімі Айтбаев Жандос Сатыбалдыұлының «Мобильді қосымша жасау» тақырыбындағы ашық сабақтары жоғарғы деңгейде өтті. Семинар қорытындысында кері байланыс жүргізіліп, сабақ көрсетіп іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерге аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Әметқызы сертификаттар тапсырып, ұйымдастырушы директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Пазылбекова мен психолог Қ.Тилеулиева алғыс хат табыс етті. Семинар соңында концерттік бағдарлама көрсетілді.

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.