Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп асханасы

Автор: admin от 25-02-2020, 21:53, посмотрело: 614

0 Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында өткен "Мектеп асханасы" республикалық акциясының өткізілуі туралы мәлімет

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі 2020 ж.27 қаңтар №59 бұйрығын орындау мақсатында 27.01.-27.02.2020 ж. күндері аралығында республикалық «Мектеп асханасы» акциясы жарияланып, бұйрық шығарылып, жоспар бекітілді.
Мектепте оқушыларды тегін тамақтандырудың сапасын бақылау және мониторинг жасау жөнінде мониторинг және бракераж комиссиясы құрылған, бұйрықпен бекітілген, сонымен қатар арнайы іс шаралар жоспары бойынша жұмыс жасайды. Мектепте оқушыларға берілетін тегін тамақтың азық-түліктің сапалы болуын, сақталу мерзімін, күнделікті ас мәзіріне сәйкес болуын қадағалайды. Сонымен қатар асхана тазалығын, тоңазытқыштардың дұрыс жұмыс істеуін, аспазшылардың гигиеналық талаптарды қатаң сақтауын бақылайды.Барлық сараптама нәтижелері бракераж журналына толтырылады. Мектеп асханасындағы күнделікті ұсынылып отырған тағам түрлері санитарлық ережеге сәйкес, ас мәзірінде көрсетілген оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мөлшермен дайындалады. Күнделікті тамақтың сапасы мен сапалы берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикелері тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар, тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында мониторингтік комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына екі рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде хаттама толтырылады. Аптасына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекция жасап отырады. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай. Тамақтану кестесі бойынша балалар 2 ауысымда тамақтанады. 1 сыныптар 10:10 пен 10:25 , аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар 1 ауысым 11:05 мен 11:20 аралығында. 2 ауысым бойынша 15:25 мен 15:40 аралығында тамақатанады. Жоғарыда атап өткендей жыл мезгілдеріне сай салат түрлері өзгертіліп отырады, салатқа жемістер мен көкөністер сапалы түрде беріледі.
Мектепте шағым және ұсыныс кітапшасы бар толтырылған. Шикі тағамдардың бракераж журналы, денсаулық журналы, дайын тағамдардың бракераждық журналы толтырылған, шикі азық-түліктердің бракераж журналы, тез бұзылатын азық-түлікті қадағалау журналы жасалынған.
Әлеуметтік педагогтің жоспарына сәйкес айына бір рет асханада “Ашық есік күндері” өткізіледі. Ашық есік күніне ата-аналар қатысып, аз қамтылған отбасы оқушыларының ас мәзірі бойынша тамақтануын, ас мәзірді, тамақтың сапасын және асхананың санитарлық жағдайын тексереді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес "Дұрыс тамақтану", "Салауатты тамақтандыру", "Тамақтың маңызы және оның құрамы", "Ас-адамның арқауы" тақырыптарында дәрістер, сауалнамалар, тренингтер өткізілді . Сонымен қатар ата-аналар оқушылармен сұхпаттасып, олардың ас мәзірі туралы пікірлерін білді. Оқушылар тағамның дәмді, тәтті екенін айтты. Ас мәзірінде үй кеспесі, компот алма жемісімен нан болды. Медбике Ш. Имашева алманың құрамында қанша дәрумен бар екенін және ағзаға пайдасы туралы айтып өтті.
"Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениеті негізіне баулуға бағытталған "Дұрыс тамақтану -үздік білім алудың жолы", "Дұрыс тамақтану-заманауи өмір негізі" тақырыбында Аудандық орталық аурухананың Жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Оспанова Есенкүл Әлмешқызы 6-9 сынып оқушылары, арасында салауатты тамақтану сұлулық пен денсаулықтың маңызды құрамдас бөлігі туралы айтып өтті. Дұрыс тамақтану тек жақсы жағдайда қалып қана қоймай сонымен бірге қуатты, жеңіл және тиімді сезінуге көмектесетінін айтты. Дұрыс тамақтанудың бірнеше негізгі ережелері: күнделікті мәзірде әр түрлі азық-түлік топтарына (жемістер , көкөністер, жидектер, саңырауқұлақтар, дәмді бұршақ, ет, балық, құс еті, сүт өнімдері жұмыртқа , жаңғақ, май өнімдері болу керек екенін атап айтты. Күніне кем дегенде төрт рет тамақтану керек екенін және тамақ арасында ұзақ үзіліс жасамау керек екенін айтып, түсіндірді.
Mektep-ashanasy.doc [3,64 Mb] (cкачиваний: 1)

Категория: Ыстық тамақ қамту

 

Асхана

Автор: admin от 25-02-2020, 08:11, посмотрело: 526

0
Асхана
Асхана
Асхана
Асхана
Асхана
Асхана
Асхана
Асхана

Категория: Ыстық тамақ қамту, Мектеп