Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Egov.kz»

Автор: admin от 2-03-2021, 00:30, посмотрело: 336

0
Шу ауданы Төле ауылы, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылған. «Egov.kz» электронды веб-порталдары арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, осы Төле ауылы турғындары жақын арада орналасқан М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінен алуларына болады. Ол үшін электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) оқу үшін компьютерлерде «card reader» орнатылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда жылдам, сапалы алуға болады және қол жетімді.
«Egov.kz»

Категория: Мектеп

 

"Алғыс айту күні"

Автор: admin от 2-03-2021, 00:02, посмотрело: 290

0
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі /РО/ кітапханасында кітапханашы А.Тоқтыбаева, А.Әбдештің ұйымдастыруымен 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай "Жан рақымының мерекесі" тақырыбында тақырыптық көрме ұйымдастырылып оқушыларға таныстырылды.
Көрменің мақсаты: балалардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін дамыту, ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсініктерін кеңейту.

Категория: Мектеп