Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Тәуелсіздік жетістіктері

Автор: admin от 2-09-2021, 01:58, посмотрело: 149

0
01.09.2021 жылы Сыздыкова Жанар Естаевнаның ұйымдастыруымен 2 "В" сынып оқушыларына "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойында Отан сүйгіштік сезімдерін ұялату, ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру.Жас ұрпақтың бойында жоғарғы патриоттық сананы қалыптастырып, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға тәрбиелеу. Білім алушылар мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап беріп, өз білімдерін көрсете білді. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тәрбие сағаты ойдағыдай өтілді.

Тәуелсіздік жетістіктері
Тәуелсіздік жетістіктері
Тәуелсіздік жетістіктері
Тәуелсіздік жетістіктері

Категория: Мектеп

 

Тәуелсіздік - біздің баға жетпес байлығымыз

Автор: admin от 2-09-2021, 01:56, посмотрело: 118

0
1-қыркүйек "Білім күні" өтетін биылғы сынып сағаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында өтті.
6 "Б" сыныбына да сынып жетекшісі Дауренбекова Сания Абдынасыровна сынып сағатын оқушылармен бірге ән ұранмен ашып, тақырып пен мақсатын хабарлады. Оқушылар да "Тәуелсіздік" сөзін ести салысымен өз білгендерімен бөлісіп, талқылай жөнелді. Сынып жетекшісі де халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен 30 жылғы жетістіктеріне жеке-жеке тоқталып, оқушыларға тың мәліметтер берді. Сынып сағаты соңында оқушылардан кері байланыс алынып, тақырып ашылып, қойылған мақсатқа жетіп, өз дәрежесінде аталып өтті және "Тәуелсіздік - біздің баға жетпес байлығымыз" деп қорытындыланды...

Тәуелсіздік - біздің баға жетпес байлығымыз
Тәуелсіздік - біздің баға жетпес байлығымыз
Тәуелсіздік - біздің баға жетпес байлығымыз

Категория: Мектеп