Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Тәуелсіздік таңы атты

Автор: admin от 13-12-2021, 21:18, посмотрело: 153

0
13 желтоқсан күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) Бастауыш сынып ұжымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік таңы атты» әдеби көркем, тарихи маңызды қойылымы өткізілді. Қойылым ел тарихындағы маңызды кезеңдерді бес күнтізбеге бөле отырып, сол кезеңдер бойынша ұстаздар көріністерін көрсетті.
Бірінші сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» ашаршылық заманы, екінші репрессия, үшінші 1941-1945 жылдардағы соғыс, төртінші 16 желтоқсандағы көтеріліс, бесінші Тәуелсіздік алған кезең және 30 жылдағы 30 жетістік осының барлығы өте жақсы деңгейде көрермен жүрегіне жеткізіле білді.
Кеш барысында Джунисалиева Маргарита өз жанынан шыққан өлеңдерін, Қыдырбекқызы Роза «Мой Казахстан» , Есболғанова Шынар М. Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін керемет оқып шықты.
Кеш соңына қарай мемлекеттік тіл туралы да айтылып өтті.
Сонымен қатар дәл осы күні мектебіміз жаңа ғимаратқа көшкеніне 10 жыл толып отыр. Мектебіміздің де тарихы да еске алынды.
Бастауыш сынып ұстаздары «Айналдым елім» әнін, «Сырғалым» би тобы «Қазақ биін», бастауыш каферасының ұстаздары «Атамекен» әнін тамаша орындап шықты.
Кеш соңына мектеп директоры Сихимова Алтын Мәдиомарқызы, мектеп директорының орынбасарлары Джексенбаева Баян Ниятуллақызы мен Пазылбекова Айзада Қазбекқызы ұжымды құттықтап, өз жылы лебіздерін білдірді.

Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты

Категория: Мектеп