Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) өзін-өзі тану пәнінен «Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндіктің жоспарына сәйкес 04.02.2022 жылы өзін-өзі тану мұғалімі Медеубаева Айгерім Жуасбекқызы Сара Алпысқызына арналған «Балаға жүрек жылуы» тақырыбында 7 «Ә» сынып оқушыларымен «ZOOM» платформасы арқылы сынып сағатын өткізді. Сабақ оқушыларға өте қызықты болды. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды белсенді қызығушылықпен орындап, өз ойларын жеткізе білді.Сара Алпысқызының өмірбаяны мен болашақ жастарға рухани – адамгершілік құндылықтарын туралы айтылған ойды жақсы меңгерді. Оқушылар ата-анаға, достарына деген адамгершілік, мейірімділік, сыйластық, адалдық қасиеттерін талдай білді. Сабаққа оқушылар белсенді қатысып, өз мақсатына жетті.