Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мың бала

Автор: admin от 17-04-2022, 23:11, посмотрело: 87

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде бүгін «Мың бала» ұлттық олимпиадасы онлайн өткізілді.
"Мың бала" жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беретіні айтылған.
Басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.
Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары.
Осыған орай мектебімізден 5-6 сынып оқушылары арасынан 122 оқушы қатысты. Балаларымыздың өз білімдерін сынға ала отырып, Бәсекеге қабілетті ұрпақ болып, білім алып, толағай табыстарға жетіп жатса ол әрине мектеп ұстаздарының ерен еңбегі екені мәлім.атыса ма, тексер
«Мың бала» олимпиадасына қатысу қорытындысы бойынша:
Ең көп балл жинаған жеңімпаздарға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, оның ішінде Дарын, БИЛ мектептерінде білім алу ұсынылады.
«Мың бала» олимпиадасының барлық қатысушыларына одан әрі білім алу және дағдыларын дамыту үшін Елбасы Академиясының «Birge Oqý» онлайн мектебіне тегін қабылдану мүмкіндігі берілетіні айтылған.Біздің мектебіміздің оқушылары осындай оқу орнынан орын алуына тилектеспіз.

Мың бала
Мың бала
Мың бала
Мың бала
Мың бала

Категория: Мектеп

 

0703

Автор: admin от 17-04-2022, 23:09, посмотрело: 103

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) денешынықтыру пәні мұғалімдерінің Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткізілген мектепішілік іс-шараларына оқушылар қатысып, спорттық және үстел ойындары өткізілді.Орын алған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

0703
0703
0703
0703
0703

Категория: Мектеп

 

Жаратылыстану пәндерінің айлығы

Автор: admin от 17-04-2022, 23:07, посмотрело: 88

0
Шу ауданы білім бөлімінің, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында өткізілетін «Жаратылыстану пәндерінің айлығы» басталды. Айлығымыздың ашылу салтанатында фаеде жаратылыстану пәндері бойынша көрмелер ұйымдастырылып, оқушыларға сұрақтар қойылып, жауап берген оқушыларға сыйлықтар таратылды. АКТ залында «Жаратылыстану ғылымдарына саяхат» атты жаратылыстану пәндерінің кеші өткізілді. Әр пән бойынша викториналық ойындар ойнатылып, тәжірибе жұмыстары көрсетілді. Мақсаты оқушылардың биология, география, химия, физика пәндеріне деген білімін, қызығушылығын арттыру.

Жаратылыстану пәндерінің айлығы
Жаратылыстану пәндерінің айлығы
Жаратылыстану пәндерінің айлығы
Жаратылыстану пәндерінің айлығы
Жаратылыстану пәндерінің айлығы

Категория: Мектеп

 

0804

Автор: admin от 17-04-2022, 23:04, посмотрело: 57

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде Турдалы Ж. информатика пәні мұғалімі 6 сынып оқушыларына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарлату мақсатында, тұсіндірме жұмыстарын жұргізді.
0804
0804
0804
0804
0804

Категория: ---

 

Қауіпсіз интеренет

Автор: admin от 17-04-2022, 23:02, посмотрело: 138

0
Мұқағали Мақатаев атындағы (РО) тірек мектебінде «Қауіпсіз интеренет» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді.Мақсаты: Оқушыларға интернет желісін қалай пайдалануға болатындығы және оның пайдасы мен зияны туралы түсінік беру. Сабақ барысында окушылар өз пікірлерін ортаға еркін салып, қазіргі интернет желісінің түрлерімен таныс екенін айта кетті. Сабақ барысында оқушылар екі командаға бөлініп топтық жұмыс орындау арқылы өзара бәсекелестік жұмыстарын атқарды.тақырыпқа сай постер қорғау, жұмбақ сөз шешу, тест жұмыстарын орындау, компьютерде браузерлер жұмыстарын көрсете отырып екі командада командалық жұмыстарды белсенділікпен орындап шықты. Сабақ барысында өздерін бағалау, кері байланыс беру жұмыстары да тыс қалмады. Команда окушылары өз-өздерін әділ бағалап, шынайылық көрсетті.

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп

 

Қыз тәрбиесі - құндылық кілті

Автор: admin от 17-04-2022, 22:59, посмотрело: 105

0
12.04.2022жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (Р.О) 6- 8 сынып қыздарымен" Қыз тәрбиесі - құндылық кілті" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты: ұлт болашағы қыздардың жат қылықтарды ажырата білу туралы түсініктерін қалыптастыру .
Жиналыста қазақ тілі мұғалімі Г.Шайдахметова, Орыс тілі мұғалімі Н.Юсупова сөз сөйледі, мектеп психологтары А.Нусипбекова, К.Тулеулиева тренинг өтті, медбике Ш.Имашева қыздар гигиенасы жайлы ақпарат берді

Қыз тәрбиесі - құндылық кілті
Қыз тәрбиесі - құндылық кілті
Қыз тәрбиесі - құндылық кілті
Қыз тәрбиесі - құндылық кілті

Категория: Мектеп, Психолог жұмыстары

 

Алтын сақа

Автор: admin от 17-04-2022, 22:58, посмотрело: 190

0
13.04.2022жылы еліміздің «Алтын сақа» баспасының психолог-жазушысы Доғдырбай Алуа Есболатқызымен «Жомарт түлек 2022» жобасы аясында «Танымал түлек» атты онлайн кездесу өтті. Бұл кездесудің негізгі мақсаты жоғары сыныптың оқушыларына кәсіби бағыт бағдар беру. Кездесу барысында оқушылар өздерін мазалап жүрген түрлі сұрақтаға тиімді жауап алды. Сонымен қатар Алуа Есболатқызы оқушыларға «Мақсатқа жету үшін іс әрекет жасау керек» деген тиімді кеңес беріп, басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Кездесу соңында ұстаздар қауымы қонағымызға шығармашылық табыс тілей отырып, жылы лебіздерін білдірді.

Алтын сақа
Алтын сақа
Алтын сақа
Алтын сақа
Алтын сақа

Категория: Мектеп

 

Өз өмірің - өз қолыңда

Автор: admin от 17-04-2022, 22:57, посмотрело: 253

0
13.04.2022жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(Р.О) мектеп психологтарының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушыларымен балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтың , нашақорлықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында " Өз өмірің - өз қолыңда" атты акция өтті.

Өз өмірің - өз қолыңда
Өз өмірің - өз қолыңда
Өз өмірің - өз қолыңда
Өз өмірің - өз қолыңда

Категория: Мектеп, Психолог жұмыстары

 

Жас қозғалыс инспекторлары

Автор: admin от 17-04-2022, 22:55, посмотрело: 174

0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 7-сынып оқушылар арасында аймақтық "Жас қозғалыс инспекторлары" XXI слеті өтті.
Мақсаты:
-оқушылардың белсенді өмірлік бағыт-бағдарларын қалыптастыру;
-көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік ережелерін оқып үйрену, жол қауіпсіздігі ережелерін насихаттау;
Байқауда мектебіміз жүлделі II орынды иеленіп, аудандық кезеңге жолдама алды.

Жас қозғалыс инспекторлары
Жас қозғалыс инспекторлары
Жас қозғалыс инспекторлары
Жас қозғалыс инспекторлары
Жас қозғалыс инспекторлары

Категория: Мектеп