Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жаратылыстану пәндерінің айлығы

Автор: admin от 2-05-2022, 23:42, посмотрело: 181

0
Шу ауданы білім бөлімінің, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында өткізілетін «Жаратылыстану пәндерінің айлығы» барысында фоеде жаратылыстану пәндері бойынша «Тамаша дәліз» ұйымдастырылды. Дәлізге гүлдер, аквариум балықтары және тірі кесірткелер, ұлу, тордағы үй қояны және кептерлер сияқты құстар мен жануарлар қойылды. Олардың әрқайсысына пән мұғалімдері мәлімет беріп, ерекшеліктерін түсіндіріп отырды. Оқушылар кітаптан оқыған жан-жануарларды өз көздерімен көріп ерекше әсерге бөленді. «Мектебіңе гүл сыйла» акциясы аясында жаратылыстану пән мұғалімдері мектебімізге тамаша бөлме гүлдерін сыйға тартты.

Жаратылыстану пәндерінің айлығы
Жаратылыстану пәндерінің айлығы
Жаратылыстану пәндерінің айлығы
Жаратылыстану пәндерінің айлығы
Жаратылыстану пәндерінің айлығы

Категория: Мектеп

 

Білім Ринг

Автор: admin от 2-05-2022, 23:40, посмотрело: 52

0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) үйірме жетекшілері Мырзалиева Насима мен Кайбагарова Нұрзаданың ұйымдастыруымен 2022 жылдың 20 сәуірінде 9 сыныптар арасында креативті ойлайтын, интеллектісі жоғары, өзіне сенімді, топпен жұмыс істей отырып өзара ынтымақтастықты орната алатын жастарды дамыту және оларды жетістікке жетелеу мақсатында "Білім Ринг" зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыс мектеп басшылары мен ұстаздардың және оқушылардың қатысуымен өтті. Нәтижесінде сайысқа қатысқан командалар мақтау қағазымен марапатталып, ынталандыру сыйлықтары берілді.
Білім Ринг
Білім Ринг
Білім Ринг
Білім Ринг
Білім Ринг

Категория: Мектеп