Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Days of the week

Автор: admin от 17-11-2022, 04:30, посмотрело: 23

0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қараша айының 17-жұлдызы шет тілдер айлығының жоспарына сәйкес 3 "Б" сыныбында "Days of the week" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Өткізген мұғалім Уразова Жансая Бактигереевна. Сабақтың оқу мақсаты: * identify the days of the week;
* Use days of the week in simple sentences;
* Learn how to use Present Simple;
Ашық сабақ өтудегі мақсат: оқушылардың білімдерін кеңейту, ағылшын тілін меңгерту, ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, еркін сөйлеуге дағдыландыру. Сабақтың барысында тақырыпты ашу үшін видио ролик көрсетілді, жаңа сөздермен танысты, жаңа сөздерді есте сақтау үшін ойын ойнатылды. Апта күндеріне байланысты тапсырмаларды орындады. Бірінші тапсырмада оқушылар суретте бейнеленген іс әрекет пен апта күндерін байланыстырып, сөйлемдер құрастырды. Present Simple осы шақ ережесімен танысып, екінші тапсырманы оңай орындап шықты. Ол тапсырмада сөйлемдегі етістіктің дұрысын таңдау болды. Үшінші тапсырмада мәтінді оқып, аударды және берілген суреттердің астына мәтіндегі айтылған апта күндерін жазды. Оқушылар "Days of the week" тақырыбын меңгеріп, ағылшын тілінде сөйледі. Сабақтың білім сапасы 72%.
Days of the week
Days of the week
Days of the week

Категория: Мектеп