Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Күз-мерекем, күз-берекем

Автор: admin от 25-11-2022, 04:27, посмотрело: 42

0
«Күз-мерекем, күз-берекем» байқауының мәліметі
Қараша айының 25 жұлдызында мектебімізде «Күз-мерекем, күз- берекем» атты 6-8 сынып оқушылары арасында байқау өтті. Оқушылар өте жоғары деңгейде дайындалған. Бұл байқау арқылы біз оқушыларға күз кереметтерін, күз мезгілінің молшылығын көрсеттік. Байқауда жүлделі орынға ие болған сыныптар:
I орын – 8 «В»
II орын – 6 «Б»,8 «Д»
III орын – 6 «А»,7 «А», 8 «Ә»
Қалған сыныптарға номинациялар бұйырды.
Жүлделі орын алған сыныптар мадақтама қағазымен марапатталды.
Күз-мерекем, күз-берекем
Күз-мерекем, күз-берекем
Күз-мерекем, күз-берекем

Категория: Мектеп

 

Білім додасы

Автор: admin от 25-11-2022, 04:22, посмотрело: 25

0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) үйірме жетекшісі Кайбагарова Нұрзада 2022 жылдың 25 қарашасында Алға орта мектебінде 8-9 сынып оқушылары арасында креативті ойлайтын, интеллектісі жоғары, өзіне сенімді, топпен жұмыс істей отырып, өзара ынтымақтастықты орната алатын жастарды дамыту және оларды жетістікке жетелеу мақсатында "Білім додасы" атты зияткерлік сайыс өткізді. Сайыс Алға орта мектебінің АКТ залында өткізілді. Сайысқа 8-9 сынып оқушылары, мектеп ұстаздары келіп жанкүйер болды. Сайысқа оқушылар белсене қатысты. Сахна өз дәрежесінде безендіріліп, музыкамен әрленіп, сайыс кезеңдеріне суреттер, слайд, бейнероликтер жасалып, оқушылардың қызығушылығын туғызып, көрермен қауымын баурап алды. Көрермендермен сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Нәтижесінде сайысқа қатысқан командалар мақтау қағазымен марапатталды. Сайыс соңында Жексенбаева Баян Ниятуллақызы, Шуратбаева Қарылғаш Шатырханқызы мен Алға орта мектебінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Диханбаева Балнұр Кенжебекқызының сөзімен қорытындыланды.
Білім  додасы
Білім  додасы

Категория: Мектеп