Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Елім деп өткен Ер Махамбет

Автор: admin от 11-04-2023, 22:52, посмотрело: 27

0
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) көктемгі сессияның басталуына орай 2023жылдың 3ші сәуірінде директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызының ұйымдастыруымен танымдық сағаттар топтамасы өткізілді. Осындай бір танымдық сағатты 9«Б» сыныбының сынып жетекшісі Омбаева Гүлнұр Бақытқызы «Елім деп өткен Ер Махамбет» тақырыбында өткізді. Танымдық сағатты дайындау барысында Омбаева Гүлнұр Бақытқызына қазақ тілі пәні мұғалімі Абитаева Жанерке Нұрмұхамбетқызы бағыт-бағдар беріп, оқушылардың мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдаса, Шу аудандық мәдениет үйінің “Актер шеберлігі” үйірмесінің жетекшісі Мақсұт Мақсат Берікұлы актерлік шеберліктерін ұштады. Танымдық сағат барысында 1836-1838 жж Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен шаруалар көтерілісінің себептері, барысы, нәтижесі жайлы мағлұматтар беріліп, Жәңгір хан мен Махамбет арасындағы қарым-қатынас, Махамбет пен Исатай арасындағы қарым-қатынас тарихи сахналық қойылыммен айшықталды. 9 «Б» сынып оқушылары Махамбеттің ұзақ жырларын жатқа оқып, күйлерін орындады. Соңында Махамбеттің өлімін жырға қосатын М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасының желісімен сахналық қойылым көрсетілді. Танымдық сағат оқушылар мен ұстаздардың жүрегін шымырлатып, көңілінен шықты, оқушылар көптеген қосымша мәліметтер алып, тарих пәніне деген қызығушылығы артты.

Елім деп өткен Ер Махамбет
Елім деп өткен Ер Махамбет
Елім деп өткен Ер Махамбет
Елім деп өткен Ер Махамбет
Елім деп өткен Ер Махамбет

Категория: Мектеп