Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Өмір жолын шерте білген-Сайын!

Автор: admin от 23-04-2023, 22:33, посмотрело: 27

0
Мұқағали Мақатаев атындағы (РО) тірек орта мектебінде 2023 жылдың 21 сәуірінде көктемгі сессия барысында мектебіміздің 8 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен танымдық сағат "Өмір жолын шерте білген-Сайын!" тақырыбында Сайын Мұратбекұлының повесіне қойылым қойылды. Мақсаты: Оқушыларды С.Мұратбекұлының "Жусан иісі" шығармашылығындағы Аян бейнесін ашу арқылы ауылдың ауыр тұрмыс жағдайы туралы мол мағлұмат беру, оқушыларды адамгершілікке, шыдамдылыққа, қайсарлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Танымдық сағат барысында оқушылар 1941-1945 жылдардағы қазақ халқының тартқан ауыр зардабын, бала-шаға мен қарттарымыздың жетімдіктің, жоқшылықтың ауыртпалығын қалай көтергенін тағдыр тәлкегіне түскен Аян мен өзге кейіпкерлер арқылы көрсете білді.
Танымдық сағатқа мектеп директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Алимова, директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А. Пазылбекова, директордың құқықтық-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Мырзаханова, пән мұғалімдері, 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Танымдық сағат соңында мұғалімдер мен ұстаздар оқушыларға өз алғыстарын айтты.

Өмір жолын шерте білген-Сайын!
Өмір жолын шерте білген-Сайын!
Өмір жолын шерте білген-Сайын!
Өмір жолын шерте білген-Сайын!
Өмір жолын шерте білген-Сайын!

Категория: Мектеп