Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Әпке» драмасы

Автор: admin от 26-04-2023, 22:26, посмотрело: 23

0
2023жылдың сәуір айының 25 күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектеп директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызының ұйымдастыруымен Дулат Исабековтың 80 жас мерейтойына 8 «в» сынып оқушыларының дайындаған жазушының «Әпке» драмасы магниттік шағын орталықты Алға орта мектебінде сахналанып, қойылды.
Мақсаты:-Шығарма мазмұнын игере отырып,туындыда көтерілген әлеуметтік мәселені ұғындыру;
-Драмадағы әр тұлғаның жеке адами көзқарасын туындату арқылы отбасы құндылығын түсінетін ой қалыптастыру;
- «Әпке» драмасының мағынасын түсіну,идеясын ашу, талдау, кейіпкерлер бейнесін ашу;
- «Әпке» драмасының мейірімділік,төзімділік,сыйластық, адамгершілікке жетелейтін қасиеттерін оқушылардың бойына сіңіре білу.
Бұл танымдық сағат 8 «в» сынып жетекшісі Казанбаева Гульнур Бейсенбайқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шайдахметова Гүлнар Сүйімбекқызының басшылығымен дайындалды.Оқушылар жазушының өмірінен деректер келтіріп,драма желісінің сюжеті бойынша отбасы құндылығына,мейірімділікке,төзімділікке төзе білген,бауырлары үшін өз өмірін тәрк еткен Қамажайдың бейнесін Өмірзақ Балжан сомдаса,ғашық болған Қабеннің бейнесін Опабек Нұрдәулет,бауыры Тимурдың ролін Мұсақұл Азамат нақышына келтіріп орындап,көрермендер жүрегінен орын алды. Көрермен ретінде Ә.Молдағұлова орта мектебінің,Ш.Мұртаза орта мектебінің,Алға орта мектебінің,Жайсан орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері келіп тамашалады.Олар да өз ойларын ортаға салып,қойылған кері байланыс сұрақтарына жауап беріп,оқушыларға болашақта жоғары деңгейде көрінулеріне тілектерін білдірді.Қонақ ретінде шақырылған Смағұлова Шамшат тәтей,мектеп директоры Е.Примбердиев алғысын білдірді.

«Әпке» драмасы
«Әпке» драмасы

Категория: Мектеп