Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ата-аналар жиналыс

Автор: admin от 26-05-2023, 02:27, посмотрело: 25

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 25 мамыр күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2022-2023 оқу жылының қорытынды есебі.
2.Жаз мезгіліндегі қауіпсіздігік (су қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі)
3.Жаз мезгіліндегі жазғы сауықтыру лагері
4. Оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы
5.Әр түрлі мәселелер
Жиналысқа мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің төрайымы мен әр сыныптың комитеттері, сынып жетекшілер қатысты. Мектеп директоры А.Сихимова оқу жылындағы атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті. Жиналыстың соңында мектеп директоры А.Сихимова жыл бойы мектеп өміріндегі қоғамдық іс-шараларға қатысып,белсенділік танытқан ата-аналарды алғыс хатпен марапаттады!
Ата-аналар жиналыс
Ата-аналар жиналыс
Ата-аналар жиналыс
Ата-аналар жиналыс

Категория: Мектеп

 

Доклад

Автор: admin от 26-05-2023, 00:33, посмотрело: 32

0 Еліміздегі игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалып жатқаны белгілі.
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады.
2022-2023 оқу жылын 134 мұғаліммен бастасақ оның ішінде, жоғары білімдісі 132, орта арнаулы-2. Санаттары бойынша: педагог-шебер-3, педагог-зерттеуші-34, жоғары санатты-3, педагог-сарапшы-31, І санатты-2
педагог-модератор-32, ІІ санатты- 6, педагог-10, санаты жоқ-13
Ал мектептті 1289 оқушымен аяқтап, оның ішінде мектеп қабырғасын 61 түлек бітіргелі отыр. «Алтын белгіге» -1 оқушы және «Ерекше үлгідегі аттестатқа» -3 үміткер. 9 сынып бойынша үздік аттестаттқа- 6 оқушы үміткер атанып отыр.
Қазіргі таңда «Алтын белгіге» үміткер 11 сынып оқушысы Саулебай Қайсар Республикалық «Координаталық нүктелерді кескіндеу» тақырыбындағы ғылыми жоба байқауына қатысып, ІІ орынды дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Ерекше үлгідегі аттестатқа» Құрманәлі Ұлжан, Қонысбай Маржан, Бақберген Ажара-үміткерлер атанып отыр.
9 сынып бойынша - Аман Жанболат, Жансары Арайлым, Бақытжан Жанел, Серікқызы Нұрай,Достай Айым, Жақсылық Үміт үздік аттестаттқа үміткер атанып отыр.
Қазіргі таңда «ҰБТдан» тест тапсыруда:
1.Саулебай Қайсар-134 балл
2.Майлыбай Асылжан-132 балл
3.Қонысбай Маржан-108 балл
4.Бақберген Ажара-104
5.Әріпжанұлы Ерасыл-104 балл
6.Рақымбай Ақерке-121 балл алуда
Бұл – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата - аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.
Оқушылардың өмірге бейім болуы мен сапалы білім алуының және дарындылығын айқындаудың бірден бір кепілі ол әртүрлі байқауларға, олимпиадаларға,жарыстарға қатысуы.
Биылғы жылы мектеп оқушылары түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Сөйтіп, олар ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты.
Облыстық ғылыми жоба байқауына қазақ тілі мен әдебиет пәнінен 9 сынып оқушысы Құрманалы Елнұр қатысып, жүлделі ІІ,ІІІ орынды иеленді.жетекшісі Ж.Шаңырақбаева
«Зерде» жобалар байқауына 3 сынып оқушысы Айтхан Айару, 6 сынып оқушысы, Байрамов Рамиль қатысып, облыстық жүлделі ІІ орындарды, Республикалық жүлделі ІІІ орындарды иеленді.
Облыстық М.Х.Дулати атындағы университетінің ұйымдастыруымен «VII Шерхан Мұртаза» оқулары байқауына 11 сынып оқушысы Қуантай Диана қатысып І орынды дипломымен марапатталып, Регтор грантның иегері атанды.
Республикалық «Оқуға құштар ұлт» жобасына 8 сынып оқушылары «Ең көп кітап оқитын оқушы» номинациясымен А.Бақдәулет,Ж.Боранбаева Қ.Әзімжан,Е.Дербес,М.Молдабек,А.Мұсақұл.Н.Опабек,Д.Есімхан,А.Хамит,А.Бинаділ қатысып ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
«Оқуға құштар ұлт»жобасына 4 сынып оқушысы Елшібай К.қатысып I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Астана қаласында өткен Республикалық «Қазақстан Республикасының жылдың үздік дарынды оқушысы» атты оқушылар форумына 10сынып оқушылары Е.Нұрмахамбет, Д.Рахым. Н.Бодаубек, Д.Сұлтан, 8 сынып оқушыларыН.Опабек,Бақытжан Диас қатысып, «Жылдың үздік дарынды оқушысы дипломдарымен және төсбелгісімен марапатталды.
XVIII Республикалық балалар шығармашылық фестиваліне Тұрсынхан Нұрасыл қатысып, дипломмен марапатталды.
Облыстық 7-11 сынып оқушылары арасындағы «Бауыржан оқулары» ғылыми шығармашылық байқауының «Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,әдісіңе ақылыңды жолдас ет» бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Жанабек Жібек қатысып,III дәрежелі дипломымен марапатталды.
5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «Pro Eco»экологиялық жобалар конкурсына 7 сынып оқушысы Нұрман Инаятқатысып, III орынды дипломымен марапатталып. Республикалық кезеңінде ІІІ орынды дипломмен марапатталып, күміс медаль иегері атанды.
8-9 сынып оқушылары арасындағы «Әбіш» оқуларының облыстық кезеңінде «Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу» бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Жүніс Аяулым қатысып, III орынды дипломымен марапатталды.
9 сынып оқушылары арасында «Дарынды математик» атты олимпиадаға қатысқаны үшін Серікқызы Нұрай сертификат иеленді.
Облыстық «Алтын сақа» матиматика пән олимпиадасына 4 сынып оқушысы Нұралбай Уалихан қатысып, III орынды дипломмен марапатталды.
2023 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық пән олимпиадасына 9 сынып оқушысы Нажибова Сабина орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қатысып,ІІІ орынды жүлделі дипломымен марапатталады.
9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық IV «Абайтану» олимпиадасына 10 сынып оқушысы Сұлтан Досымжан,
Облыстық 5-10 сынып оқушылары арасында өткен «Экологиялық пирамида» тақырыбындағы ғылыми жобалар байқауына қатысып, 8 сынып оқушысы Есенқұлова Асылайым, 10 сынып оқушысы Жанабек Жібек,
облыстық «ТОП 100» жобасына қатысқаны үшін Егізбай Жансерік,Нұралбай Уалихан қатысып, алғыс хаттар иеленді.
«АҚБОТА» республикалық зияткерлік олимпиадасына
1 сынып оқушылары Айдархан Мансұр,Сарсенбаева Айя, Сыдык Медина, Саламат Ерасыл, Елшібай Тұмар, Болат Олжас, Османов Руслан, I дәрежелі, Нұржанқызы Лашын ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
2сынып оқушысы Әлімбек Нұрайым, Айтқұл Аяулым, Жолдаш Бекасыл I дәрежелі, Орманхан Қаршыға ІІ дәрежелі Мураткул Ахмет IIIдәрежелі дипломдарымен марапатталды.
4 сынып оқушысы Абраимов Айдос, Бахтияр Нұрали, Мұрат Нұрайым I дәрежелі, Жетпісбай Аяжан , Мұратқұл Ажар, Болат Інжу, Оспан Ақбөпе, Жақсыбек Нұрай, Жарылқап Нұрасыл, Көпжан Нұрайлым, Мейрамхан Каусар, Ержан Шерхан, Нулан Амира, Бақытжан Орынбасар IIдәрежелі Көктал Алижан, Уалихан Айзада, Берікбекұлы Олжас, Егізбай Жансерік III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
8 сынып оқушысы Өмірзақ Балжан,7 сынып оқушысы Ахметов Мейрхан I дәрежелі, 5 сынып оқушысы Алиев Мұзафар II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар халықаралық «BRITISH BULLDOG» интеллектуалды зияткерлік конкурсына 6 сынып оқушысы Еркебек Амира,9 сынып оқушылары Ахмедияров Арсен,Жақсылық Үміт, 3 сынып оқушысы Мырзахан Адия, Мырзахан Тилеулес қатысып,І орынды дипломдарымен марапатталды
Халықаралық Қ.Сәтбаев атындағы биология пәнінен өткен олимпиадаға 9 сынып оқушылары Рахымбай Нұржан, Серікқызы Нұрай, Жансары Арайлым, Балтабек Нұрбек қатысып ІІІ орынды дипломдарымен марапатталды.
«Алтын ине студия»үйірмесінде үлгілі оқушы,шығармашылық ізденістерімен ерекшеленгені үшін Данат Айым грамотамен марапатталды.
Республикалық балалар мен жасөспірімдер өнер байқауында «Үздік өнер» номинациясы дипломымен Доғдырхан Айша марапатталды.
«Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Балалар жылына орай өткізілген облыстық «Әнші- биші- балапан 2022» байқауына Мырзахан Адия қатысып, «Вокал» номинациясы бойынша III-орынды дипломымен марапатталды.
Республикалық «Бастау» олимпиадасына қазақ тілі мен математика пәнінен бастауыш 2-4 сынып оқушылары қатысып жүлделі дипломдарымен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы XVIII Республикалық балалар шығармашылық фестиваліне мектеп оқушылары қатысып, 80000 теңге сертификатын және II орынды дипломын иеленді.
Тірек қимыл аппараты зақымданған ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында ВС1 классында Уразбек Мейірбек қатысып,І орынды дипломмен марапатталды
5-9 сынып оқушыларына арналған республикалық "Тарих ата” олимпиадасына 5 сынып оқушылары Әуітжан Ұлжан,Несіпбай Гүлім қатысып, І дәрежелі, Қуаныш Саяжан,Құлжан Кәусар,Сыдық Айзере қатысып, ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды
8 сынып оқушылары Дербес Елнұр,Бекмұрат Ақниет, Өмірзақ Балжан,І дәрежелі, Дуйсен Ұлан ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды
«JANARGAN QAZAQSTAN»атты халықаралық өнер білім байқауына қатысып аспапта орындау аталымы бойынша жеңімпаз атанған Құрманбек Жанбота I орынды дипломмен марапатталды.
Халықаралық хореографиялық «Шалқыма» байқауында «Сырғалым» тобының мүшесі Сапарбай Даяна ІІ, ІІІ орынды лаурат атағын иеленсе, Өзбек биімен ІІІ орынды дипломымен марапатталды.
«Тәуелсіз Жаңа Қазақстан» атты Тәуелсіздік күніне арналған I халықаралық шығармашылық және өнер байқауына «Бейнелеу шығармашылығы» номинациясымен Ерғазы Диана I орынды дипломымен марапатталды.
«Кел билейік» атты дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы хореография бағыты бойынша өткен фестиваль байқауында «Сальса» биімен Рамазан ДәрияІ орынды, «Шашу», «Қазақ биімен» Құрманбек Жанбота, Бақытбек Аяла, II орынды дипломдарымен марапатталды.
Облстық бокстан 2009-2010,2011,2012,2013,2014,2015 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Мойынқұм ауданы және Абай ауылы арасында жолдастық кездесуде 26 кг салмақ дәрежесінде Үздік боксшы атанған Каримов Асанәлі дипломмен марапатталды.
Бокстан 2007-2008,2009-2010,2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында №24 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігіне Бектұр Сағадат 24 кг салмақ дәрежесінде қатысып I дәрежелі дипломымен марапатталды.
«Лондон 2012» олимпиадасының қатысушысы,Әлем және Азия чемпионатының қола жүлдегері,ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғани Жайлауовтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірім ұлдар арасындағы облыстық ашық турниріне 26 кг салмақта Бектұр Сағдат, 36 салмақта Жомарт Нұрислам І орынды дипломдарымен марапатталды.
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Жамбыл облысының чемпионатында 60 кг.салмақ дәрежесінде Рүстем Айбар I орынды дипломмен марапатталды.
«Болашаққа бағдар рухани жаңғыру»және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен бокстан жолдастық кездесуде Асылхан Алижан I орынды дипломымен марапатталды.
Футболдан аудандық және қалалық құрама командалар арасындағы Жамбыл облысының чемпионатында Шу ауданы құрама командасының ойыншысы Амиров Алихан I орынды, футболдан 2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасында Жуасбаев Тимурды еске алуға арналған дәстүрлі XIX облыстық ашық турнирде Амиров Алихан ,Усманов Ибрагим II-орынды дипломдарымен марапатталды.
Таэквондо (WT)дан балалар мен жасөспірімдер арасында Қордай ауданының ашық біріншілігіне Темірланұлы Нұрасыл қатысып, III орынды дипломымен марапатталды.
Республикалық бокстан өткен ашық турнирде 34 кг салмақпен Жомарт Нурислам, 28 кг салмақта Бектур Сагадат қатысып ІІІ орынды диплаомдарымен марапатталды.
Алматы қаласы жасөспірімдер арасындағы бокстан Республикалық ашық турнирінде 24 кг салмақ дәрежесінде Бектур Сагадат қатысып, II орынды дипломмен марапатталды.
Ауған соғысының ардагері Мамыраймов Аппаз Ерқанатұлын еске алуға арналған бокстан 2009-2010,2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен Республикалық ашық турнирінде 34 кг салмақта Жомарт Нұрислам, 34 кг салмақта Бешлыоғлы Алинұр қатысып, I орынды дипломдарымен марапатталды.
Халықаралық спорт жетістігі.
Бокстан балалар мен жасөспірімдер арасында өткен Халықаралық турнирде 55 кг салмақта Саутбек Мейрлан І орынды, 30 салмақта Нұрланқұл Ұлан II орынды дипломдарымен мрапатталды.
Халықаралық балалар қорғау күніне орай «Медина» спорт кешенінде өткен Республикалық ашық турнирінде Бектур Сагадат I орынды дипломымен марапатталды.
Халықаралық 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бокс турнирде 34 кг салмақта Жомарт Нурислам ІІІ орынды дипломмен марапатталды.
Мне 2022-2023 оқу жылын осындай жетістіктерімізбен аяқтап отырмыз.
Мектеп директоры А.Сихимова

Категория: Мектеп