Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

31 мамыр

Автор: admin от 31-05-2023, 02:47, посмотрело: 23

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 1- 11 сыныптарында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру, 31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы уақыттарының бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін мен миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған жантүршігерлік ашаршылықты еске алу күні туралы оқушыларға түсінік беріп өтті.
31 мамыр
31 мамыр
31 мамыр

Категория: Мектеп

 

Су қауіпсіздік ережелері

Автор: admin от 31-05-2023, 02:44, посмотрело: 23

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 30 мамыр күні 5-8 сынып оқушыларының білім алушылармен мектептің құқықтық тәрбиесі жөніндегі орынбасары Л.Мырзаханова жаз мезгілінде табиғат апаты жағдайында болатын қауіпсіздік шаралары туралы ой-өрісін кеңейтіп,білімін дамытып,тереңдету; ата-анасыз шомылуға баруға болмайтыны жөнінде түсініктер беру және жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында «Су қауіпсіздік ережелері» , «Өрт қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Су қауіпсіздік ережелері
Су қауіпсіздік ережелері
Су қауіпсіздік ережелері

Категория: Мектеп