Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Болашақ жастардікі

Автор: admin от 22-06-2023, 06:06, посмотрело: 20

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 21 маусым күні «Болашақ жастардікі» атты салтанатты аттестат тапсыру кешіне мектеп ұстаздары мен бітіруші түлектеріміздің ата-аналары қатысты. Тарыдай болып келіп мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер, араға 11 жыл салып, мектепке жетектеп әкелген ата-аналарымен бірге алтын ұясымен қимай қоштасты. Он бір жыл оқыған білімнің, рухани тәрбиенің жемісін көретін күнде келіп жетіпті. Биыл да мектеп бітірген 62 түлектін бір оқушысы "Алтын белгі", үш оқушысы " Үздік аттестат" иегерлері атанды. Бұл бүкіл педагогикалық ұжымның,білікті ұстаздардың тынымсыз еңбегімен маңдай тері. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл - қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі болмақ. Жолдарың ашық болсын, түлектер!

Болашақ жастардікі
Болашақ жастардікі
Болашақ жастардікі
Болашақ жастардікі
Болашақ жастардікі

Категория: Мектеп

 

«АЛТЫН БЕЛГІ» МАРПАТТАЛДЫ

Автор: admin от 22-06-2023, 06:04, посмотрело: 21

0
«АЛТЫН БЕЛГІ» МАРПАТТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 21 маусым күні Шу ауданының әкімі Бақытжан Оразалыұлы Жәнібеков аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Алтын белгі» иегерлерін салтанатты түрде қабылдады.
Марапаттау жиынына аудан мектептерінің біліктіліктері мен білімдерін дәлелдей білген Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің мектеп бітіруші түлекгі 135 балл иегері Саулебаев Қайсар, ата-ана Мырзабекова Орал, мектеп директоры Сихимова Алтынкул Мадиомарқызы және сынып жетекшісі Кумарбаева Салтанат Умиталиевна қатысты.
Шара барысында аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлы әр түлекпен жеке – жеке танысып, оқушылардың бұл жетістігі білімді де өнегелі ұрпақ тәрбиелеу жолындағы аудан мектептерінің педагогикалық ұжымның еңбегінің арқасы екендігін айтты.
Марапат иелеріне үлкен өмірде биік белестерді бағындыру жолында сәттілік тіледі.
Бойына отансүйгіштік қасиет дарыған, білімді, ой-өрісі кең азамат болып қалыптасуларына, күш-жігерлерін еліміздің берекесі мен байлығын арттыруға жұмылуға, өмірден өз орындарын табуға тілектестігін білдірді.
Айта кету керек, биылғы оқу жылында 32 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, оның ішінде мектебіміздің түлегі Саулебаев Қайсардың сол қатардан көрінгеніне біз мектеп әкімшілігі өте қуаныштымыз.

«АЛТЫН БЕЛГІ»  МАРПАТТАЛДЫ
«АЛТЫН БЕЛГІ»  МАРПАТТАЛДЫ

Категория: Мектеп