Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы

Автор: admin от 9-09-2023, 22:51, посмотрело: 22

0
М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 08.09.2023 жылы «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты өзге ұлт оқушыларының арасында мемлекеттік тілде мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты: Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл- қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау, талантты жастарды іздеп табу.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, — демекші, аталған іс-шараға 5-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Сайыс болған соң әрине, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озып шығады. Жүлделі бірінші орынды 5 сынып оқушысы Азимова Хадиджа иеленді. Екінші орынды 5 сынып оқушысы Жаппарова Ася, 6 сынып оқушысы Мурадова Наргиза қанжығасына байлады. Үшінші орынға Рафатова Айсу, Дурсунова Сонгуль, Османов Руслан ие болды. «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» атты өзге ұлт оқушыларының арасында ұйымдастырылған сайысы жоғары деңгейде өтті.

Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы
Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы
Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы
Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы

Категория: Мектеп