Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Бала құқығы-адам құқығы

Автор: admin от 7-11-2023, 21:42, посмотрело: 13

0
Шу ауданы білім бөлімінің Мұқагали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Бала құқығы-адам құқығы» ақпараттық науқаны жоспарына сәйкес аудандық Шу АПБ-нің ЖПҚ-ның ювеналдық бөлімшесінің полиция лейтенанты Н.А.Кыздарбеков "Жасөспірімдер арасында зиянды заттарды қолданудың алдын алу"тақырыбында дәріс жүргізді.
Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, тәрбиелі де саналы, білімді, дені сау, қайратты, елін, жерін қорғайтын, ата-ананы, үлкенді-кішіні сыйлай білетін нағыз ұлтжанды азамат болуға баулу, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Дәріс барысында жасөспірімдерді психотроптық заттары бар тағамдарды тұтынуға әуестенбеуге,темекі, есірткі және басқа да зиянды заттар туралы әңгімелеп, есірткіден сақтануға, олардың зияны туралы және бос уақытты тиімді пайдалану, кітап оқу, салауатты өмір салтын ұстану туралы кеңес берілді.
Оқушылар өз пікірлерін білдіру арқылы, әр азаматтың өмірінде саламатты өмір қалыптастыру керектігін сезініп, өмірді жақсарту жолдарын таңдау, әркімнің өз қолында екендігін түйсіне білді.

Бала құқығы-адам құқығы
Бала құқығы-адам құқығы
Бала құқығы-адам құқығы

Категория: Мектеп