Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Тарихи сәт

Автор: admin от 8-11-2023, 21:46, посмотрело: 19

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(РО) 2023жылдың 7 қараша күні тарих пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "тарих апталығының" ашылуына орай "тарихи сәт" тақырыбында тарихи көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақ халқының тарихын тас ғасырынан, қазіргі кезеңге дейінгі кезеңін және қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюында маңызды орын алған айтулы оқиғалар мен жарқын тұлғаларды көрсету.
Көрмеде тас ғасыры, қола дәуірі, "Алтын киімді адам", Томирис ханшайым, түрік дәуірінен Күлтегін қаған, Қазақ хандығының негізін қалаған хандар Жәнібек пен Керей хандар, қазақтың ұлы ханы-Абылай, қазақтың соңғы ханы Кенесары көрсетілді. Сонымен қатар көшпелі қазақтардың баспанасы киіз үй мен қазақтың тұрмыстық құрал-саймандары, Ақан Сері, Біржан сал, қазақтың бас ұстазы Ыбырай, қазақтың шоқ жұлдызы Шоқан және де Абайда көрсетілді. 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары, Ұлы Отан соғысы жылларындағы Қазақстан, Бауыржан Момышұлы, Шығыстың қос жұлдызы Мәншүк пен Алия, 1986 жылғы Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков көрстелді. Көрменің ең соңында қазіргі 130 дан астам ұлт өкілдерінен тұратын Қазақстанның татулығы көрсетілді.

Категория: Мектеп