Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Автор: admin от 9-11-2023, 22:45, посмотрело: 16

0
КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ


«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Ағылшын тілі пәні мұғалімі» 1 бірлік (уақытша)
- Лауазымдық жалақысы: 150000 – 180000 тг. (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 10.11.2023 -21.11.2023 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 27.11.2023 жылғы сағат 15:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп

 

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Автор: admin от 9-11-2023, 21:47, посмотрело: 20

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде, әр айдың 15-і күні мектеп бойынша, әр түрлі тақырыпта қыздар жиналысы өтіп тұрады. «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты қыздар жиналысының мақсаты, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Категория: Мектеп