Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақ елінің жүріп өткен жолдары, Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері мен ел болу жолындағы атқарылып жатқан жұмыстары жайында оқушылар бойында білім қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында оқушыларға Тәуелсіздік дегеніміз не? Патриот дегеніміз не? Патриот болу үшін не істеуіміз керек? деген сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар оқушылар осы 32 жыл ішінде жеткен жетістіктеріміз бен бағындырған белестерімізді ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға видеороликтер көрсетілді.
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi