Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Конкурс

Автор: admin от 5-01-2024, 04:43, посмотрело: 63

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Логопед» 1 бірлік (уақытша) жүктілікке кетуіне байланысты.
- Лауазымдық жалақысы: 100000 – 150000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 05.01.2024-.15.01.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 16.01.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп

 

Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия

Автор: admin от 5-01-2024, 03:46, посмотрело: 84

0 Төле би ауылы, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессияаралық кезеңінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 4 қаңтар күні "Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия" тақырыбында Нұрлыбекқызы Мақпал, Балхожаева Айнура инновациялық-әдістемелік кеңес өткізді. Семинарда рефлексия туралы білім толықтырылып, сабақта рефлексияны қолдану жолдары айтылып, топтық жұмыста постер қорғау арқылы мұғалімдер тақырыптың теориялық тұрғыдан мәліметтер беріп, өз білімдерімен бөлісті. Постерлерді "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісімен топтық бағалау жүргізілді. Жоғарыда аталған мұғалімдер өз сабағында зерттеу барысында қолданған рефлексия әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Семинарға серіктес және магниттік мектептерден Жайсан, Алға, Еңбекші орта мектептері, Ш.Мұртаза атындағы орта мектебі қатысты. Кеңесті қорытындылау кезінде қатысқан мұғалімдер сөз сөйлеп, ізгі ниеттерін білдіріп, алғыс айтты. Әдістемелік кеңес сонында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Жексенбаева қатысқан ұстаздарға алғыс айтып, қорытындылады.
Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия
Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия
Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия
Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия

Категория: Мектеп