Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

ДОСБОЛ LIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН

Автор: admin от 7-02-2024, 21:52, посмотрело: 12

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) «ДОСБОЛ LIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы бойынша «Дойбы» ойыны өткізілді.
Дойбы ойынының ережелерін түсіндіру. Жүрістің тиімді тәсілдерін көрсету. Сабақ барысында оқушыларға Дойбы ойынының ережелері толық түсіндірілді.Бұл ойынның логиканы дамытуға жақсы септігін тигізетінін айтып өтті. Дойбы ойыны кезінде тиімді тактиклық жүрістерді жақсы көрсетіп, түсіндіріп берді.Оқушыларға жалпы дене жаттығуларын орындатты.Сабақ қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Есептеуге,тапқырлыққа,тез шешім қабылдауға үйрету,ой өрісін дамыту. Жинақылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу,спорт түрінің бірі дойбыны игерту,ұлттық құндылықты құрметтеу сезімін тудыру.Дойбы – бір жағынан ежелгі, екіншіден жас ойын. Ежелгі болатын себебі, ойынға арналған құралдар сонау ерте заманда Мысыр пен Русьтегі Киев аймақтарындағы қазба жұмыстары кезінде табылған. Сонымен бірге ежелгі болатын себебі, қазіргі заманғы зерттеушілер дойбының таратылу тарихы мен жолдарын әлі күнге дейін тапқан жоқ – олар ғасырлар қойнауында жасырын жатыр. Оқушылар белсене қатысты. #Біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministirligi
ДОСБОЛ LIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН

Категория: Мектеп

 

ДОСБОЛLIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН

Автор: admin от 7-02-2024, 21:51, посмотрело: 14

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) «ДОСБОЛLIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН” акциясы бойынша. "Тоғызқұмалақ” өткізілді.
Мақсаты: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау. Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. – қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны. Бәсеке арнайы тақтада екі адам арасында өтеді. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.Көне түркілер мен моңғолдар киелі саналған тоғыз санының негізінде өрбитін ойын манкала (екі адам ойнайтын тақта ойыны) тобына жатады. Математикалық ойлау жүйесін дамытып, төзімділікке баулиды.Тоғызқұмалақ-шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, салқын қандылықты , терең және логикалық ойлауды қажет ететін ақыл-ой спорты. Күрделілігі жағынан тоғызқұмалақ аталған ойындардан кем соқпайды. Тоғызқұмлақтың басқа есеп ойындарынан бір ерекшелігі бұл-өте нәтижелі ойын: тең ойын сирек кездеседі. Оқушылар белсене қатысты.
#Біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministirligi
ДОСБОЛLIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН
ДОСБОЛLIKE ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН

Категория: Мектеп