Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Бракераж

Автор: admin от 21-02-2024, 21:25, посмотрело: 19

0
Бракераж
Бракераж
Бракераж
Бракераж
Бракераж
Бракераж

Категория: Мектеп

 

Биология ғажайып әлемі

Автор: admin от 21-02-2024, 04:28, посмотрело: 23

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (ро) 2024 жылы ақпан айында қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 9 «Ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Медеубаева Айгерім Жуасбекқызының ұйымдастыруымен «Биология ғажайып әлемі» атты кеші өтті. Кештің мақсаты: Биология пәнінен өтілген тақырыптары бойынша оқушылардың білімін қорытындылап, тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру, биология әлеміне саяхат арқылы білімдерін жинақтау, логикалық ойлау, зерттеу қабілеттерін дамыту. Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу, белсенділіктерін қалыптастыру. Биологиялық кешіміз екі кезеңнен тұрады. 1 кезеңде болашақ биолог зерттеушілері өздерінің таңдаған тақырыптарына сәйкес зерттеу жұмыстарымен таныстырып шықты.
1. «Су – тіршілік көзі» Ақберген Айзат М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
2. «Біз және экология» Мұхаметкерім Арайлым Жайсан орта мектебі
3. «Арал мен Балқаш тағдыры» Оразхан Данагүл Ш.Мұртаза орта мектебі
4. «Көз біздің айнамыз» Боранбаева Жансая М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
5. «Газдалған сусындардың ағзаға зияны» Жеңіс Ермұхаммед Жайсан орта мектебі
6. «Дұрыс тамақтану» Есенқұл Асылайым М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
7. «Темекінің зияны» Нұрқасым Ерасыл М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
Зерттеушілердің тақырыпты ашуы көрермендердің көңілінен шықты. 2 кезең көрермендер ортасынан бес мектеп оқушыларынан белсенді 2 топ құрап, биологиялық бес категориядан тұратын сайыс ұйымдастырылды.
1. Ең, ең, ең
2. Логика биологиядан
3. Әзілді биолгия
4. Мозайка
5. Биолгиялық жұмбақтар
Оқушылары керемет тартысты, білімділер додасы болды. Қорыта келе барша қатысушыларға кешті ұйымдастырған биология пәні мұғалімі Медеубаева Айгерім Жуасбекқызы марапаттау қағазын табыстады. Көрермен ұстаздар мен оқушылар бүгінгі кештен алған әсерлерімен кері байланыс жасады. Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (ро) директорының ресурстық ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызы оқушыларға арнап сөз сөйлеп,өз ризашылығымен бөлісті.
Биология ғажайып әлемі
Биология ғажайып әлемі

Категория: Мектеп