Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Конкурс

Автор: admin от 12-03-2024, 06:33, посмотрело: 29

0 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
«Үйірме жетекшісі» 0,5 бірлік (уақытша).
- Лауазымдық жалақысы: 60000-70000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
- Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
2) Лауазымы: мұғалім
3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
4) Жеке басын куәландыратын құжат;
5) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
6) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
12) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-
модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
13) Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
(57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
Құжаттарды қабылдау:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру
жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 12.03.2024-20.03.2024 жж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 27.03.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
(Ресурстық орталық).

Категория: Мектеп

 

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру

Автор: admin от 12-03-2024, 00:41, посмотрело: 22

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) "Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру" атты айлығында мектеп психологтары 9-шы сынып оқушыларымен "Мамандықты дұрыс таңдау - баланың бақытты болу кепілі" тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: Болашақ мамандық таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыру, кәсіби мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру.
"Мамандықты қалай таңдау керек"-ойын тренинг, "Нарықта сұранысқа ие мамандықтар", "Жойылмайтын мамандықтар", "Жойылып бара жатқан мамандықтар" тақырыптарында слайд арқылы түсіндірме жұмысы жүргізілді
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру

Категория: Мектеп