Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ардагермен кездесу

Автор: admin от 14-03-2024, 01:44, посмотрело: 8

0 12 наурыз күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі кітапханасында 6 «г» сынып оқушыларының қатысуымен Жамбыл облысының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, ҚР Инженерлік академиясының академигі, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, экономика ғылымының докторы, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Барыс» ордендерінің иегері Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған еске алу бұрышы ұйымдастырылып, өмірі мен еңбек жолына шолу жасалды. Ол кісінің сол ашаршылық заманмен тұспа-тұс келген қиын кезеңде Қазақстанның бір түкпірінде туып, қазақ мектеп-интернатын бітіріп, өзінің өжеттігінен ештеңеден тайсалмай, анау-мынау емес жер түбі Мәскеуде білім алып, өзінің саналы ғұмырын туған елінің өсу, өркендеу, одан тәуелсіз ел ретінде қалыптасу, іргетасын бекіту жолында өмірін сарп еткендігі туралы баяндама жасалып, теледидардан Қаратай Тұрысов жайлы деректі фильм көрсетілді.Еске алу бұрышына Қаратай Тұрысовтың фотосуреті, ол кісі жайлы жазылған кітаптар, дәйексөздер қойылды. Оқушылар өз ойларын айтып белсене қатысты.
Ардагермен кездесу
Ардагермен кездесу

Категория: Мектеп