Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру

Автор: admin от 18-03-2024, 00:27, посмотрело: 10

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) "Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру" атты айлығында 9 сынып оқушыларымен "Мамандық таңдау-маңызды!"
тақырыбында түрлі кәсіп иелерімен кездесу өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға мамандықтың түрлері,олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
Кездесуге
Джапарова Айша "тігінші"
Асаиынов Мейрамхан "қосымша білім беру бөлімінің басшысы"
Имашева Шайбала "медбике"
Әуесхан Бекжан "шаштаразшы"
Қыздарбеков Нариман "полиция инспекторы"
қатысты.
Кездесу барысында түрлі маман иелері өз ой-пікірлерімен бөлісті.
"Мамандықты тап" және "суреттер сөйлейді"тақырыбында психологиялық ойындар ойнатылды.
Қорытынды:
Кездесу кезінде маман иелері оқушыларға
жақсы ізгі-ниеттерін білдірді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру

Категория: Мектеп

 

Қош келдің әз-Наурыз

Автор: admin от 18-03-2024, 00:25, посмотрело: 17

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 18-наурыз күні "Қош келдің әз-Наурыз” атты түркі халықтарына ортақ наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мерекелік шағын концерт 8-сынып оқушысы Батырхан Арайдың орындауындағы "Қазақтың дәстүрі” әнімен ашылып, "Балбырауын күйімен жалғасты. Мың бұрала билеген қыздар мен жігіттер түрік ұлтының "Бар” биін нақышына келтіре биледі. Әр ұлт өз сәлемдесуін көрсете келе, мерекенің тойлануы жайлы айтып өтті. Бұл кеште ата-бабамыздан келе жатқан қыз баласына "Шашбау тағу” дәстүрі көрініс ретінде көрсетіліп, насихатталды. Қыз баласына шолпы, шашбау тағудың үлгісін айқындап көрсетті. Оқушылар дайындап келген "Өзбек”биі, "Сарыарқа”күйі, "Сен сұлу” әні көрермендердің көңілінен шықты. Кеш соңында қатысушылар мен кеш көрермендері қазақтың "Қара жорға” биін бірге билеп, көңілді тарасты. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!!!
Қош келдің әз-Наурыз
Қош келдің әз-Наурыз
Қош келдің әз-Наурыз
Қош келдің әз-Наурыз

Категория: Мектеп