Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Озық тәжірибе мектебін құру

Автор: admin от 29-03-2024, 00:35, посмотрело: 26

0 28.03.2024 жылы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Озық тәжірибе мектебін құру» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер арасында теориялық семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты шығармашылық жұмыс нәтижесінің тиімді жолдарын жүйелеу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, озық тәжирібе мектебін құру.
Міндеті:
- оқушылырдың ғылыми жоба жұмыстарына белсенділігін қалыптастыру;
- шығармашылық есеп жасаудың тиімділігін арттыру;
- электронды портфолио жинау тәртібін дұрыс жолға қою;
- сынып жетекшілерінің сыныптық талдау жасау жұмысының нәтижесін, сапасын арттырудың жолын ұсыну.
Мектебімізде шығармашылықпен айналысатын озат тәжірибелі мұғалімдер: география пәнінің мұғалімі Баетова А.Е. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Шайдахметова Г.С. Шаңырақбаева Ж.С. Абитаева Ж.Н. шығармашылық жұмыстарының нәтижесімен бөлісті. «Оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарының белсенділігін қалыптастырудағы жұмыстың ролі» тақырыбында баяндама оқылып, «Шығармашылық есеп жасаудың тиімділігі» тақырыбында көрме, «Шебер сынып - мұғалім жұмысының нәтижесі» тақырыбы аясында презентация қорғалды. Қазіргі заман талабыена сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа көзқарастарын дамытуға, жас мамандарға жұмыс нәтижесінің бағытын көрсету. Жетістікке жетудің нәтижесі адам бойындағы қабілеттерді дамытып, рухани күшін нығайту.
Озық тәжірибе мектебін құру
Озық тәжірибе мектебін құру
Озық тәжірибе мектебін құру

Категория: Мектеп

 

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!

Автор: admin от 29-03-2024, 00:33, посмотрело: 28

0 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
Ағымдағы жылдың 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізіледі.
Яғни, 30 тамыз - құжат тапсырудың соңғы күні.
Сол себепті де, асығуларыңызды сұраймыз.
Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді).
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Бала үшін маңызды сәтте қолдау жасап, ата-ана мен ұстаздар қауымын өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға шақырамыз. Білім аламын деген әр бала назардан тыс қалмасын, олардың конституциялық құқығы қорғалсын. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі» көрсету бұрыштарында кез-келген азамат өздігінен ақпарат ала алады.«Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы электронды қызметтерді алу бойынша, жауапты маман көмек көрсететін болады.
Мектептің мекен жайы: Шу ауданы, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты.
тел: 3-12-58
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!

Категория: Мектеп