Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Болашақпен кездесу. Диалог с будущим

Автор: admin от 1-06-2024, 23:35, посмотрело: 29

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 7 сынып оқушысы Такабаева Саида 2024 жылдың мамыр айының 28-29 күндері халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елордаға саяхаттап келді. Барлық өңірден өз жетістіктерімен ерекшеленген балалар, балалар қозғалысының көшбасшылары мен түрлі жағдайларда адам өмірін арашалап қалған батыр балалар жиналды. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мемлекет тарапынан балалардың қауіпсіздігі мен жайлы ортада өмір сүруі, білім мен тәрбие алуы үшін барлық жағдайдың жасалып отырғанын айтты. Кездесу әрі қарай ашық диалог форматында жалғасты. Онда балалар өздері, отбасы, мектептегі жетістіктері, қызығушылықтары мен армандары туралы айтты. «Болашақпен кездесу. Диалог с будущим» тақырыбындағы іс-шараға бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты. Кездесу соңында барлық балаға сауықтыру орталығына жолдамалар мен сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ көшбасшылықты дамыту бойынша тренингтер өткізіліп, балалар өзара пікір алмасып, ұсыныстарымен бөлісті. Бұған қоса балалар Астананың мәдени-демалыс орталықтарын аралады.
Болашақпен кездесу. Диалог с будущим
Болашақпен кездесу. Диалог с будущим
Болашақпен кездесу. Диалог с будущим

Категория: Мектеп

 

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Автор: admin от 1-06-2024, 23:24, посмотрело: 26

0
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕ
Құрметті ата-аналар мен білім алушылардың назарына!
Жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігі барлығымыз үшін маңызды. Осы ретте ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға қауіпсіздік шараларының бірнеше ережесін ұсынады.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
Жаз мезгілінің келуімен балалар уақытының басым көпшілігін сыртта өткізуде.
Балаларыңыздың су жағасына ата-анасыз баруына,шомылуларына қатаң түрде шектеу қойыңыздар! Өмірлеріне өте қауіпті екендігін ұмытпаңыздар.
Алда жазғы демалыс, сондықтан балаларыңыздың өміріне, денсаулығы мен мінез-құлқына Сіздің тікелей жауапты екеніңізді еске саламыз.
Балаларға су айдынында, өзен,көлдер мен каналда шомылудың ережесі, қауіптілігі жөнінде жиі айту керек.
Есіңізге сақтаңыз! Балаңыз сізден үлгі алады! Сол үшін әрбір іс-әрекетіңізге мұқият болғаныңыз абзал! Жазғы демалыста балаларыңызбен бірге уақыттарыңызды қызықты өткізуге тілектеспіз!
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің әкімшілігі.
ЖЕЛЕРІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

 

 

 

 

 

 
 

Категория: Мектеп