Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жер-2024

Автор: admin от 4-06-2024, 23:18, посмотрело: 34

0 Шу ауданы білім бөлімінің 2024 жылдың 03 маусым күні "Жер-2024”Республикалық командалық-штабтық оқу сейсмо жаттығулар өткізу тапсырмасы бойынша Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің «Мұғалімдер ұжымы, кіші қызметкерлер және оқушылар жер сілкінісі кезінде мектеп ғимаратынан эвакуациялау» атты сейсможаттығу сағат 10.00 де өткізілді
Қатысқандар саны:
Оқу-жаттығуға мектеп жанынан құрылған лагерьге келген балалар -150 оқушы,135-мұғалімдер, 42-кіші қызметкерлер қатысты.
Жер-2024
Жер-2024
Жер-2024
Жер-2024

Категория: Мектеп

 

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

Автор: admin от 4-06-2024, 23:15, посмотрело: 30

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындаудан бастау алды. Мектеп директоры А. Сихимова мерейлі мерекемен құттықтап, мемлекетіміздің іргесі әрқашан берік болсын, - деген тілегін жеткізді.
Оқушыларға рәміздердің тарихына, олардың маңыздылығына, мемлекеттік рәміздерге байланысты сұрақтар қойылды.
Мемлекеттік рәміздер күні - еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашағымызды бейнелейтін маңызды мереке. Алтын ою-өрнекпен, шұғылалы күнмен және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген көгілдір түсті әдемі Туымыз, мемлекеттік Елтаңбамыз бен патриоттық Гимніміз – халықтың мақтаныш сезімін оятады. Бұл құндылықтар бұралаң әрі қиын жолды, сол жолда қол жеткізген жетістіктерімізді және алдағы мақсаттарымызды паш етіп тұрғандай.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

Категория: Мектеп

 

"Айгөлек" жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті

Автор: admin от 4-06-2024, 20:16, посмотрело: 26

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті. Шара барысында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен дайындалған тамаша концерттік бағдарлама өз жалғасын тапты. Таңертеңгілік жаттығулар мен түрлі ашық ойындар өткізілді. Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл — жаз маусымы. Жасөспірімдер мен балалардың жаз мезгілінде денсаулықтарының сауықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шығармашылықтарын дамытып, өсіру - бүгінгі күннің басты міндеті. Лагерьге келген балалар әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, талай-талай танымдық дүниелермен таныса алады.
"Айгөлек" жазғы демалыс лагерінің  ашылу салтанаты өтті
"Айгөлек" жазғы демалыс лагерінің  ашылу салтанаты өтті
"Айгөлек" жазғы демалыс лагерінің  ашылу салтанаты өтті

Категория: Мектеп