Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

үйірме жұмысы

Автор: admin от 28-01-2021, 05:57, посмотрело: 285

0
М. Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде оқушылардың музыкалық шығармашылығын дамыту мақсатымен 5—6 сынып оқушылармен атқарылған үйірме жұмысы. Оқушылар үйірме жұмыстарының барысында әртүрлі өлең айтуды оған байланысты жаттығулар және сахнада өзін ұстау мәдениетін үйренеді. Үйірме жетекшісі: Сейтпенбетов І.

Категория: Мектеп

 

"Мәнерлеп оқу"

Автор: admin от 28-01-2021, 05:53, посмотрело: 221

0
М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру мақсатында 2-4 сынып оқушылары арасындағы "Мәнерлеп оқу" үйірмесінің атқарылған жұмысы. Үйірме жетекшісі: Абдуханова Айгул Ақылтайқызы.

Категория: Мектеп

 

"Тәуелсіздік бәрінен қымбат"

Автор: admin от 28-01-2021, 05:50, посмотрело: 231

0 ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтардағы "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласына орай Шу ауданының өзге ұлт өкілдерінің арасындағы челленджіне М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің (РО) оқушылары да белсене ат салысты.
Осы челленджі барлық өзге ұлт өкілдеріне жолдайды.
#ҰлыДаланыңҰлтаралықТілі
#МемлекеттікТілдіБілуМіндетіміз

Категория: Мектеп

 

"Ерте жүктіліктің зардаптары мен жұқпалы аурулардың алдын алу"

Автор: admin от 28-01-2021, 05:47, посмотрело: 213

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің (Р.О) психологтары "Ерте жүктіліктің зардаптары мен жұқпалы аурулардың алдын алу" бағытында ата- аналарға, мұғалімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

"Ерте жүктіліктің зардаптары мен жұқпалы аурулардың алдын алу"
podrostkovaya-beremenn.rar [2,65 Mb] (cкачиваний: 0)

Категория: Мектеп

 

Психологтардың жұмысы

Автор: admin от 28-01-2021, 05:34, посмотрело: 245

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің (Р.О) психологтары 9, 11 сынып оқушыларына мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындық кезінде оқушылардың таным процестерін дамыту мақсатында психологиялық кеңестер мен жаттығулар жүргізді.

Психологтардың жұмысы

psiholog-zhmysy.rar [1,19 Mb] (cкачиваний: 1)

Категория: Мектеп

 

"Менің арманым

Автор: admin от 28-01-2021, 05:30, посмотрело: 1015

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің (Р.О) психологтары 8-11 сынып оқушыларына "Менің арманым "тақырыбында тренинг өтті.

"Менің арманым
Men-armanym.rar [672,98 Kb] (cкачиваний: 46)

Категория: Мектеп

 

Мамандық таңдау өмірінің бір кірпішін дұрыс қалау

Автор: admin от 28-01-2021, 05:27, посмотрело: 1100

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің (Р.О) психологтары "Мамандық таңдау өмірінің бір кірпішін дұрыс қалау"тақырыбында 9, 11 сынып оқушыларымен тренинг өтті.

Мамандық таңдау өмірінің бір кірпішін дұрыс қалау

Mamandyq-tada-mrn-br-krpshn-durys-qala.rar [312,06 Kb] (cкачиваний: 60)

Категория: Мектеп

 

«Ахмет Байтұрсынұлы»

Автор: admin от 28-01-2021, 05:23, посмотрело: 388

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде(РО) қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес 26/01/2021 жылы пән мұғалімі: Солтанбаева Дүйсенкүл «Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында 8-сынып оқушыларымен зум платформасы арқылы ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну. Оқушылар біртуар перзентіміз Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысты. Қазақ балалары үшін аянбай тер төккен, тұңғыш қазақ әліпбиін құрастырған шын мәніндегі ұлт ұстазымыз туралы эссе жазды. Өзге ұлт өкілдерінің балалары қазақ тілінде сабақ барысында жауаптары нақты болды. Айлық жоспары жалғасын табуда. Ұстаздарымыз жақсы сабақтар үлгісін көрсетуде.

«Ахмет Байтұрсынұлы»

Категория: Мектеп

 

"Айгөлек" және "Бәйшешек"

Автор: admin от 28-01-2021, 05:19, посмотрело: 273

0
М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебі "Айгөлек" және "Бәйшешек" би үйірмесіне 1-11 сынып оқушылары қамтылған. Үйірме жетекшісі: Маханова Асель Абайқызы. Тақырыбы: Би өнерін қалыптастыру және үйрету. Мақсаты: Оқушылардың дене бітімін қалыптастырып, шынықтыру. Музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. Өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Би өнерімен айналысу шеберліктердің негізін қалап, өзін-өзі жетілдіріп, қызығушылығын арттырады.

Категория: Мектеп

 

«Алтын қақпа»

Автор: admin от 28-01-2021, 05:15, посмотрело: 275

0
2021 жылдың 25 қаңтар күні Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары: Ж.Ахина мен Ж.Кадрбекованың ұйымдастыруымен сыныптан тыс «Алтын қақпа » интеллектуалды ойыны өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
• Оқушылардың білімдерін толықтыру, қазақтың ырым-тыйым сөздерін айтып, мақал-мәтелдер құрып және тұрақты сөз тіркестерінің баламасын таба білетіндіктерін тексеру.
• Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
• Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары, әдет-ғұрпы біздің асыл қазынамыз. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт – дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жөн-жоралғыларымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартып, келесі ұрпаққа жеткізу біздің өз қолымызда. Сайыс 5 сынып оқушылары арасында ZOOM платформасы арқылы онлайн түрінде өткізіліп, ойын шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Экраннан тапсырмалар өз орнымен рет – ретімен көрсетіліп отырды. Негізгі ойын шарты жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан берілді. Сол кезде ғана жауап саналып, ұпай қойылды. Өздеріңіз білетіндей теледидардан «Алтын қақпа» ойынын көрсететін. Сол кезде алтын сандықты ашпас бұрын, алдыңғы айналымдардан, яғни тас қақпадан, күміс қақпадан, алтын қақпадан өтіп, алтын сандықты ашуға тырысатын. Егер де алтын сандықтың ішіндегі тапсырмаларды орындай алмаса, алтын сандық ашылмай жабулы күйінде қала береді. Бірақ 5 сынып оқушылары бұл қақпалардан еш қиналмастан өтті. «Алтын қақпа» интеллектуалды ойынына екі топ мүшелері өте жақсы шабытпен қатысып, сұрақтарға жақсы жауап берді. «Алтын қақпа» интеллектуалды сайысы өте қызықты өтті.
Сайыстың жеңімпаздарын ZOOM мобильдік қосымшасы арқылы онлайн түрінде құттықтап, марапаттады. Сайыс қорытындысы жарияланып, жеңімпаз топтар анықталды. Сайысқа екі топ мүшелері қатысты. Олар: «Алғырлар» тобы мен «Тапқырлар» тобы. «Алтын қақпа» интеллектуалды ойын нәтижесі бойынша «Тапқырлар» тобы жеңімпаз атанды. Осы аталған топтар мынадай номинациялармен марапатталды. «Көшбасшы» - Абылай, Алуа, Сымбат, Ғалымжан, Мерей. «Белсенді топ» - Нұрзада, Нұрдәулет, Ерасыл, Кәусәр, Еркежан.

«Алтын қақпа»

Категория: Мектеп