Тіл- достықтың алтын көпірі

Автор: admin от 26-02-2024, 23:31, посмотрело: 8

0 М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 2023-2024 оқу жылына құрылған жұмыстық жоспарына сай, 22 ақпанда өзге ұлт өкілдерінің оқушыларымен «Тіл- достықтың алтын көпірі» атты фестиваль өтті.
Мақсаты: Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту,өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу.Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық этнос өкілінің ішкі мәдениетінің ажырамас тіліне айналдыру.
«Толғауы тоқсан қызыл тіл, сөйлеймін десең өзің біл» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, мектебіміздегі өзге ұлт өкілдерінің оқушылары «Дүниедегі ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл» тақырыбында көрініс қойды. Фестивальді қазақ тілінде өзге ұлт оқушылары қазақ халқына деген ықыласын, құрметін мәнерлеп өлең оқу жолдарымен жалғастырды. Фестивальді қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 6, 7- сынып оқушыларымен өткізді.Олар: Мурадова Гуляра, Буркиевская Карина, Байрамов Рамиль, Афизова Дильдара, Раисова Мадина, Рафатова Айсель, Хан Башир, Гулямова Рейхан, Бекалы Әдемі . Әрине, әр халықтың тілі өзіне ерекше құрметті. Тілдің байлығы, сөздік қорының өсуі халықтың өзіне байланысты. Біздің мемлекет – көп ұлтты мемлекет. Әр ұлттың өзіне тән ата-дәстүрі, ана тілі бар. Әрбір өзін-өзі сыйлайтын ұлт өз болмысын сақтай отырып, өзге ұлттың өзіндік қажеттеріне құрметпен қарайды. Оған дәлел, басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлеуі, қазақша ой ойлауы. «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, – дей отырып бүгінгі «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты өзге ұлт оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған фестиваль өз дәрежесінде жетті.
Тіл- достықтың алтын көпірі
Тіл- достықтың алтын көпірі

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.