Қазақстан халқы тілдері күні

Автор: admin от 14-09-2021, 01:45, посмотрело: 74

0 М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай zoom платформасы арқылы «Тіл-ұлтаралық қатынас құралы» тақырыбында этнос өкілдерімен конференция сабақ өткізілді. Конференцияның мақсаты: Мемлекеттік тілге құрмет көрсету; үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылу; Этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге деген ықыласы мен сүйіспеншілігін арттыру.
Конференция барысында 9 ,10 сынып оқушылары «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген Елбасының сөздеріне тоқталып, талдап өтті. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұрғаны, адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі екенін тілге тиек ете отырып, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық екенін түсінді. Сабақты XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің
«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөздерімен қорытындылады.
Қазақстан халқы тілдері күні
Қазақстан халқы тілдері күні
Қазақстан халқы тілдері күні
Қазақстан халқы тілдері күні

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.