Қазақстан халқы тілдері күні

Автор: admin от 9-09-2021, 01:52, посмотрело: 75

0
Қазақстан Республикасының айтулы күндерінің бірі 5 қыркүйек Тілдер мерекесі –«Қазақстан халқының тілдері күні» болып белгіленген. Оның өзіндік себебі де бар. Бұл күн - ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі , өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған, рухани көшбасшы, Алаш арысы, Ұлт ұстазы көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бұл ерекше күн - Тілдер мерекесі күні аталуда.
Осы айтулы мерекеге орай М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) директоры А.Сихимова қыркүйек айының 6-16 жұлдызы күндеріне «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне арналған іс -шара жоспарын бекітті.
Мектебімізде 6 қыркүйек күні «Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік Ел – Мәңгілік тіл» тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты мектеп акт залында өтті. Мектеп директоры мұғалімдер мен оқушыларды «Қазақстан халқы тілдері күнімен» құттықтап , жүрекжарды тілек білдіріп , тамаша жыр толғауларын жолдады. Салтанатты мереке 9 «Б» сынып оқушысы Бодаубек Назеркенің орындауында «Атамекен» әнімен ашылып, бағдарлама барысында ән айтылып, күй тартылып және мәнерлеп көркемсөз оқылды.

Қазақстан халқы тілдері күні
Қазақстан халқы тілдері күні
Қазақстан халқы тілдері күні
Қазақстан халқы тілдері күні
Қазақстан халқы тілдері күні

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.