» » Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (Ресурстық орталық) аттестация жұмысы бойынша кезектен тыс педагогикалық кеңес отырысы

 
 
 

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (Ресурстық орталық) аттестация жұмысы бойынша кезектен тыс педагогикалық кеңес отырысы

Автор: admin от 15-03-2024, 02:18, посмотрело: 19

0 Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (Ресурстық орталық) аттестация жұмысы бойынша кезектен тыс педагогикалық кеңес отырысы
№ 7 хаттамасы

Төле би ауылы «14» наурыз 2024 жыл
Қатысқаны – 121

Күн тәртібінде:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ережесінің жобасымен таныстыру
2. Әр түрлі мәселелер

Бірінші кезекте сөз алған мектеп директоры А.Сихимова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ережесінің жобасымен таныстыру жайлы айта отырып, мұғалімдерге толық мәлімет беру үшін келесі сөзді жауапты маман А.Пазылбекова берді. Айзада Казбековна өз сөзінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ережесінің жобасымен таныстыру
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Аттестаттаудан өткен мұғалімдерге біліктілік санаттары беріледі және соған сай еңбек ақысына үстеме ақы қосылады?
Ашық НҚА порталында Оқу-ағарту министрлігінің педагогтерді аттестатаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы бұйрық жобасы жарияланды. Құжатта ЖОО-дан кейін автоматты түрде берілетін "педагог" санаты үшін тестілеу нәтижесі, біліктілік санатын мерзімінен беру тәртібі алынып тасталды. Мүгедектігі бар адамдарға көмекші тағайындау туралы шарттармен толықтырылды. Оған қоса, ереже бұзған педагогтердің санатын төмендету шарттары
Аттестаттау тәртібі қандай?
Аттестаттау біліктілік бағасы, педагог білімін бағалау (ПББ), қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан тұрады. Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен орынбасарлары қосымша сұхбаттасудан өтеді. Бұрын эссе жазу талабы бар еді. Биылдан бастап ол алынып тасталды
Аттестаттау қашан өтеді?
Педагогтерді аттестаттау бес жылда бір рет өткізіледі. Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен орынбасарлары үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.Бұрын аттестаттау кезеңі деп қаңтар-мамыр, тамыз-желтоқсан аралығы саналса, бұйрық жобасында біліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен бастап келесі аттестаттау мерзімі басталғанға дейін немесе мерзімінен бұрын аттестаттау үшін жағдайлар болғанға дейінгі уақыт аралығы деп белгіленіп отыр.
Аттестаттаудан өткен педагогтерге қандай біліктілік санаттары беріледі?
педагог-модератор;
педагог-сарапшы;
үшінші санаттағы басшының орынбасары;
екінші санаттағы басшының орынбасары;
үшінші санаттағы басшы,
екінші санаттағы басшы;
педагог-зерттеуші;
педагог-шебер;
бірінші санаттағы басшының орынбасары;
бірінші санаттағы басшы;
Аттестатттаудан өтуге қалай өтініш береді?
өтініш;
-жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
-білім туралы диплом;
-қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
-білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру-бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
-қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
-педагог білімін бағалаудан өткендігі туралы сертификат;
берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);
-кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар;
-білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар.
Біліктілік санатын беру туралы шешімді кім шығарады?
Комиссия кешенді талдамалық жинақтау жүргізіп, педагогтердің материалдарын (портфолио) бағалау парақтарын толтырады.
Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамында кемінде жеті адам болады.
Комиссия педагогтерің аттестаттау нәтижелері бойынша келесі тұжырымдармен қорытынды шешім қабылайды:
Педагог білімін бағалауды бір жылда қанша рет тапсыруға болады?
Педагогтер жылына екі рет тапсыра алады: бір рет – тегін, бір рет – ақылы негізде (1 АЕК көлемінде).
Ал мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына бір рет тегін өтеді.
Мұғалім ақылы сынамалық тестілеуді қанша рет тапсырамын десе де өзі біледі. Оның нәтижесі атестаттауға әсер етпейді.
Педагог білімін бағалау қанша тапсырмадан тұрады?
Бастауыш білім беру педагогтері, Негізгі орта, жалпы орта білім беру педагогтері, білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін:"Пәндік білім" – 50 тапсырма;
Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін:"ҚР заңнамасын және нормативтік құқықтық актілерді білу" бағыты бойынша – 60 тест тапсырмасы:
Педагог білімін бағалау нәтижесінің шекті деңгейі қандай?
Барлық лауазымдағы педагогтер үшін:
"педагог-модератор" біліктілік санаты – 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты – 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты – 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты – 90%.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары және орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – 70%.
Педагог білімін бағалау тапсырмаларын орындауға қанша уақыт беріледі?
педагогтер үшін – 80 минут;
"Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – 125 минут;
білім беру ұйымдарының бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – 90 минут;
мүгедектігі бар адамдар үшін қосымша 40 минут беріледі.
Тестілеу қағидаларын бұзған педагогтерге қандай шара қолданылады?
ПББ қағидаларын бұзған аттестатталушы бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.
Сондай-ақ педагог санаты төмендетіледі.Тағы да қайталанса педагог, бөлімнің басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері аттестаттаудан өтуге – бес жылға,
білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы үш жылға жіберілмейді.
Шекті деңгейге жетпеген мұғалімдерге біліктілік санаты қалай беріледі?
Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау материалдары мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келген, бірақ ПББ өтудің шекті деңгейіне жетпеген жағдайда педагогке біліктілік санаты беріледі:
біліктілік санатын растаған жағдайда бір деңгейге төмен;
біліктілік санатын беру жағдайында ПББ нәтижелерінен жоғары емес.
Тестілеуден кімдер босатылады?
Біліктілік санатын растау кезінде 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер, "педагог-шебер" ПББ тапсырудан босатылып, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді.Ал жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.
Біліктілік санатын ұзартуға бола ма?
Біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде екі жылдан аспайтын уақытқа ғана келесі жағдайларда ұзартылады:әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне енгізілген аурулар болған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
жүктілігі және босануы, бала күтімі жөніндегі демалыстан шыққаннан кейін, оның ішінде жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлер үшін ол үш жасқа толғанға дейін;
білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден (орталықтардан), біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысқан тұлғаларға;
Кімдерге аттестаттаудан өтпей-ақ "педагог-модератор" біліктілік санаты беріледі?
Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға;жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кеш емес кезеңде Nazarbayev University, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік білім беру ұйымдарының түлектеріне;қолданыстағы CELTA, DELTA сертификаттары бар шет тілі мұғалімдеріне.Шетел (қытай, түрік, араб және т.б.) тілдерін оқытатын мұғалімдерге жеке өтініші мен қолданыстағы тіл білу сертификаты негізінде, педагог білімін бағалау рәсімінен өтпей-ақ қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау нәтижесі бойынша Комиссия біліктілік санатын береді:педагог-модератор – В2 деңгейі;педагог-сарапшы – С1 немесе С2 деңгейі.
Ереженің жаңа жоба нұсқасын слайд арқылы көрсетіп, таныстырылым жұмысын жүргізіп өтті.
Келесі сұрақ бойынша сөз алған А.Пазылбекова биылғы 2022-2023 оқу жылынды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» жобаны басшылыққа ала отырып, мектепшілік аттестаттау тестісінен өтетін мұғалімдердің тізімі педагогикалық кеңесте бекітіліп аудандық білім бөліміне ұсынылғанын тағы да ескертіп айтып кетті.
Келесі мәселе бойынша мұғалімдердің әртүрлі сұрақтарына жауап беру болды. Мұғалімдер өздерінің толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап алып отырды.
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта  мектебінің (Ресурстық орталық) аттестация  жұмысы бойынша  кезектен тыс педагогикалық кеңес  отырысы
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта  мектебінің (Ресурстық орталық) аттестация  жұмысы бойынша  кезектен тыс педагогикалық кеңес  отырысы

Мектеп директорының ережемен таныстыру сәті

 

 


А.Пазылбекованың сладпен ереже жобасын түсіндіру сәті
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта  мектебінің (Ресурстық орталық) аттестация  жұмысы бойынша  кезектен тыс педагогикалық кеңес  отырысы

Сұрақ-жауап сәті

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) кезектен тыс педагогикалық кеңес отырысының
Шешімі:
1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» жобамен таныстырылым жұмысы жақсы деңгейде өтті деп шешім шығарылды.
2.Әртүрлі сұрақтарға жауап беру қанағаттанарлық деңгейде өтті деп шешім шығарылды.


Аттестаттау комиссиясының төрайымы: А.Сихимова

Хатшы: А.Пазылбекова

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.