Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 9 қараша күні 5-6 сынып оқушылары арасында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие беру деңгейін арттыру, туған елдің табиғатына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділіктерін дамыту мақсатында "Табиғат сырлары" тақырыбында ертегілер байқауы ұйымдастырылды. Шығармалар арасында 6 "Ә" сынып оқушысы Адильбаева Жансаяның жұмысы үздік деп танылып, аудандық кезеңге жолдама алды.







