«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр»

Автор: admin от 10-02-2021, 23:07, посмотрело: 235

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 9 ақпанда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 90 жыл мерейтойы аталып өтпекші. Тума талант бұл өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегінде берік орныққан. «Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіңе қайтарамын» - деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты онлайн Мұқағали оқуларын мектебіздің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы Құрманғали Ұлжан бастады.
Поэзия әлеміне жарық жұлдыздай сәуле шашып айрықша із қалдырған Мұқағали –күллі қазақ халқының мақтанышы. Сондықтан да "Өлсе өлер Мұқағали, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім" - деп адамның ішкі жан дүниесінің нәзік сезімін оның күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелей білген ақын өлеңдері-мәңгілік қазына. Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты онлайн Мұқағали оқуларын жалғасырушы 9 "А" сынып оқушысы Бақберген Ажар.
 
 

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.