Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

10 "Ә" сынып оқушысы Хизатуллаева Диляра

Автор: admin от 10-02-2021, 23:58, посмотрело: 178

0
Мұқағали - қазақ поэзия әлеміне шетсіз - шексіз кеңестік пен көз сүрінген биіктік әкелген ақын. Кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Мұқағали Мақатаевтың келесі өлеңін мәнерлеп оқыған 10 "Ә" сынып оқушысы Хизатуллаева Диляра.

Категория: Мектеп

 

8 "Б" сынып оқушысы Бодаубек Назерке

Автор: admin от 10-02-2021, 23:54, посмотрело: 280

0
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың келесі өлеңін мәнерлеп оқыған 8 "Б" сынып оқушысы Бодаубек Назерке.

Категория: Мектеп

 

«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр»

Автор: admin от 10-02-2021, 23:07, посмотрело: 235

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 9 ақпанда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 90 жыл мерейтойы аталып өтпекші. Тума талант бұл өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегінде берік орныққан. «Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіңе қайтарамын» - деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты онлайн Мұқағали оқуларын мектебіздің "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы Құрманғали Ұлжан бастады.
Поэзия әлеміне жарық жұлдыздай сәуле шашып айрықша із қалдырған Мұқағали –күллі қазақ халқының мақтанышы. Сондықтан да "Өлсе өлер Мұқағали, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім" - деп адамның ішкі жан дүниесінің нәзік сезімін оның күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелей білген ақын өлеңдері-мәңгілік қазына. Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты онлайн Мұқағали оқуларын жалғасырушы 9 "А" сынып оқушысы Бақберген Ажар.
 
 

Категория: Мектеп

 

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

Автор: admin от 10-02-2021, 23:00, посмотрело: 166

0
Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде (РО) 25-29 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтардағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына орай 1-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары өтті.

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

Категория: Мектеп

 

«Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар»

Автор: admin от 10-02-2021, 22:53, посмотрело: 211

0
2021 жылдың 27 қаңтар күні Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кадрбекова Жадыра Бауыржанқызы «Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ 8 «Ә» сынып оқушыларымен Zoom платформасы арқылы өткізілді.
Оқу мақсаттары:
8.1.6.1 – коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді , ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.
8.4.4.2 – тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын , қызметін түсініп қолдану.
Бағалау критерийлері:
8.1.6.1 – коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді , ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді.
8.4.4.2 – тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын , қызметін түсініп қолданады.
Сабақтың барысы жүйелі, әрі әдістемелік жағынан ұтымды өтті. Сабақта мұғалім жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының модульдерін тиімді қолдана білді. Мұғалім жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында оқушылармен кері байланыс жасады. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, балалармен қарым-қатынасы өте жақсы.
Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы да жақсы. Оқушылар түрлі тапсырмалар орындау барысында мұғалімнің көмегінсіз өз тапқырлықтарымен білімдерін дәлелдеді. Сабаққа оқушылар белсене қатысып , өз білімдерін ортаға салды. Сөздік қорлары артып, өз ойларын ашық айта білді. Сабақта презентация, видео, кері байланыс, бағалау жұмыстары жүйелі жүргізілді. Мұғалім сабақты өз дәрежесінде өтіп шықты. Сабақ мақсатына жетті

«Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар»

Категория: Мектеп