Let's speak English

Автор: admin от 18-11-2021, 21:49, посмотрело: 160

0
М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қараша айының 8 - 30 жұлдызы аралығында шет тілдер айлығы өткізіліп жатыр. Айлықтың мақсаты: Жоспар бойынша бекітілген айлықтың өткізілуі; Оқушылардың білім деңгейін саралау; шет тілдер пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру; ағылшын тілін терең меңгертіп, еркін сөйлеуге үйрету. Жоспарда бекітілген "Let's speak English " атты тақырыпта концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мектеп тақырыпқа сай безендірілді, ашылу салтанатында 1-4 сынып оқушылары орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер айтып, әндер өз нақышына келтіріп орындады. 10 сынып оқушылары “May There Always Be Sunshine” өленің орындады. “Сальса”, “Топ-топ” билерін 2 сынып оқушылары бұрала билеп, көрерменді тәнті етті. Сонымен қатар, көрермендерге үш тілде сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген көрерменге сыйлықтар үлестірілді. Іс-шара соңында 10”Б” сынып оқушысы Күлшебай Жақсылық “Hotel California“ әнің ағылшын тілінде әдемі орындады. Концерттік бағдарлама соңында мектеп директоры А.Сихимова сөз қортындылады.

Let's speak English
Let's speak English
Let's speak English
Let's speak English
Let's speak English

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.