Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі

Автор: admin от 5-12-2021, 21:44, посмотрело: 137

0
«Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбындағы ата-аналармен өткізілген жиналыстың мәліметі
Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылы
М.Мақатаев атандағы тірек орта мектебінің өзін-өзі тану пәні
мұғалімі Бақтияр Әсел Ермекқызы
2021 жылы 22 қарашасында «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында ата-аналармен жиналыс болып өтті.
Мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отырып, отбасы тәрбиенің негізі екендігін ұғындыру.
Міндеттері:
- Ата-аналарды жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде іс жүзіне асыруды қажетсінуге тәрбиелеу.
- Отбасы мен ата-аналардың мектептің оқу және тәрбие істеріне араласу белсенділігін арттыру.
- Әрбір отбасында балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын көрсету.
Жиналысқа 14 ата-ана қатысты.
Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отырып, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздерітуралы түсінік берілді. «Құндылық ағашы» арқылы бес құндылықтың маңызы түсіндірілді. «Бала тәрбиесі» жайлы бейнекөрсетілім көрсетіліп, ата-аналардың ой пікірлері тыңдалды. Балалардың тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі жайлы айтылды.
Шығармашылық жұмыс жасалды. Ата- аналар шығармашылық тапсырмаларды белсене орындап, айтылған ақпараттарды жақсы қабылдады.
Рухани-адамгершілік көзқарастағы өте маңызды пікірлері:
Қуандықова Гүлістан: Баламмен бірге үнемі сабаққа дайындаламын. Бірақта өзін-өзі тану пәнінің қандай пән екенін білмеппін. Енді түсіндім. Ерекше әсер алдым. Себебі басқа жиналыстардан мүлдем өзгеше. Тәрбиенің қаншалықты маңызды, мәңгі екенін түсіндім. Баламызға материалдық зат емес оның рухани байлығы қажет екенін ұқтым. Алғысымды білдіремін.
Омарова Гульбану: Жиналыстың бізге берген әсері мол. Бала тәрбиесі жайлы видеоны көрген уақытта көзіме жас алып, бала тәрбисінде қаншама қателік жасайтынымды түсініп, қатты ойландым. Өзіме үлкен сабақ алдым, өз - өзіме уәде бердім. Балама көбірек көңіл бөліп, үнемі айналып,құшағыма алып, жан дүниесіне үңілетін боламын
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінді, бала тәрбиесінде ата-ананың бойындағы қасиетердің үлгі тұтарлық болуы керек екенін түсінді, отбасы тәрбиесінің бастауы сүйіспеншілік екенін білді. Балаларының жасөспірімдік кезеңді өткізіп жатқанын түсініп, оларға көңіл бөліп, қолға алатындарын айтты.
Құндылықтарға байланысты шығармашылық жұмыста тапсырма орындаған кезде, ата-аналардың ойлары өте құнды болды. Жиналыс басында құндылықтың қаншалықты маңызды екеніне онша мән бермей отырған ата-аналар жиналыс соңында жазған пікірлерінде ойларының өзгергенін жазған.
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар аясында әкелермен жиналыс өткізіп, бала тәрбиесі жайында бейнефильм көрсетуді ұсынды.

Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы   тәрбиесінің негізі
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы   тәрбиесінің негізі
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы   тәрбиесінің негізі
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы   тәрбиесінің негізі
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы   тәрбиесінің негізі

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.