Елбасы – ел тірегі

Автор: admin от 5-12-2021, 22:25, посмотрело: 102

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ро), 2021 жылдың қараша айының 29-да, 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай барлық сыныпта ашық сынып сағаты өткізілсе, мектеп кітапханашылары арнайы бұрыштар мен көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар, «Елбасы – ел тірегі» атты тақырыбында 2-сыныптары арасынан белсенді оқушылар «Жас қыран» ұйымына қабылданып, қабылданған оқушыларға арнайы төсбелгі мен сертификаттар тапсырылды. Іс-шара мерекелік концертпен жалғасын тапты. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Тұңғыш Президент күні мерекесі елімізде 2012 жылдан бері кең көлемде тойланып келеді. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын, қазақ елі!

Елбасы – ел тірегі
Елбасы – ел тірегі
Елбасы – ел тірегі
Елбасы – ел тірегі
Елбасы – ел тірегі

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.