Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы

Автор: admin от 5-12-2021, 22:31, посмотрело: 74

0
2-желтоқсан күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және тарих пәні айлығының ашылуына орай ұйымдастырылған ZOOM форматында онлайн «Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы» тақырыбында конференция өтті. Конференцияға мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері Қ.Абдикасимов, Г.Омбаева, Б.Адишев, Н.Есқараев, 9-10 сынып оқушылары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к., доценті Ахметжанова Ажар Тоқсанқызы, т.ғ.к., доценті Тасилова Назия Айтбаевна, PhD докторы, доценті Байдавлетова Мадина Досбергенқызы, PhD докторы, доценті Искакова Ғалия Зейділдаевналардың қатысуы қамтылды. Конференцияда 10-сынып оқушысы Қонысбай Маржан «Тәуелсіздік тәңір берген тәтті сый», 10-сынып оқушысы Тоқтасын Рамазан «Тәуелсіз Қазақстанның 30 жетістігі», 10-сынып оқушысы Бақберген Ажар «Елбасының ерен еңбегі», 9-сынып оқушысы Рахым Даниал жерлесіміз тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің 75 жасқа толуына орай «Мәмбет Қойгелдиев – Алаштану ғылымының негізін қалаушы!» тақырыптарында баяндамалар оқылып, слайдтар, видеоқойлымдар көрсетілді. ЖОО-ның оқытушылары мен мектеп мұғалімдері өз ойларымен бөлісіп, конференцияны қорытындылады.

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.