Тәуелсіз елдің ұрпағы

Автор: admin от 9-12-2021, 21:14, посмотрело: 116

0
Үстіміздегі жылдың 6-шы желтоқсанында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ро) 10-11сынып оқушыларының қатысуымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің ұрпағы» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар, сонау ықылым заманнан ата-бабамыздың аңсаған егемендіктің оңайлықпен келмегені, қанша қан төгіліп, қаншама боздақтардың шыбын жанының қиылғанын еске алып, рухына тағзым етіп, ерлігін мақтан тұтты. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқанын жан-тәнімен ұғына отырып, «Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген» тәуелсіздігіміздің есіктен еніп, иісі қазақ еліне шаттық сыйлағанынада 30 жыл, 30 жас толғанына, осы аз уақыт ішінде еліміз жаңарып, жеріміз көркейіп, әлем назарына іліккен «Ұлы дала елінің» жетістігі мен жеңісі жөнінде толғаныстарын жазған. Байқау комиссияларының қорытындысы бойынша, жеңімпаздар анықталып, бас жүлдені 10 сынып оқушысы Бақберген Ажара иеленсе, І орынды 11 сынып оқушысы Хизатулла Диляра, ІІ орынды 11 сынып оқушысы Байжан Жібек, ІІІ орынды 11 сынып оқушысы Төлепова Жұлдыз иеленді.

Тәуелсіз елдің ұрпағы
Тәуелсіз елдің ұрпағы

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.