Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Тәуелсіз елдің ұрпағы

Автор: admin от 9-12-2021, 21:14, посмотрело: 117

0
Үстіміздегі жылдың 6-шы желтоқсанында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ро) 10-11сынып оқушыларының қатысуымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің ұрпағы» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар, сонау ықылым заманнан ата-бабамыздың аңсаған егемендіктің оңайлықпен келмегені, қанша қан төгіліп, қаншама боздақтардың шыбын жанының қиылғанын еске алып, рухына тағзым етіп, ерлігін мақтан тұтты. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқанын жан-тәнімен ұғына отырып, «Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген» тәуелсіздігіміздің есіктен еніп, иісі қазақ еліне шаттық сыйлағанынада 30 жыл, 30 жас толғанына, осы аз уақыт ішінде еліміз жаңарып, жеріміз көркейіп, әлем назарына іліккен «Ұлы дала елінің» жетістігі мен жеңісі жөнінде толғаныстарын жазған. Байқау комиссияларының қорытындысы бойынша, жеңімпаздар анықталып, бас жүлдені 10 сынып оқушысы Бақберген Ажара иеленсе, І орынды 11 сынып оқушысы Хизатулла Диляра, ІІ орынды 11 сынып оқушысы Байжан Жібек, ІІІ орынды 11 сынып оқушысы Төлепова Жұлдыз иеленді.

Тәуелсіз елдің ұрпағы
Тәуелсіз елдің ұрпағы

Категория: Мектеп

 

Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Автор: admin от 9-12-2021, 21:12, посмотрело: 131

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек (РО) орта мектебінде
Балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарына аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру мақсатында, 2021 жылдың желтоқсан айының 3-де, 6-8 сыныптары арасында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Категория: Мектеп