» » Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беру жүйесі

 
 
 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беру жүйесі

Автор: admin от 14-03-2022, 22:44, посмотрело: 267

0
Анықтама
11.03.2022ж. Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беру жүйесі» тақырыбында 10.03. күні облыстық әдістемелік кабинеті дайындаған вебинардың негізінде ДЖЭІЖО Б.Джексенбаеваның жетекшілігімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Инклюзивтік білім берудің негізгі мақсаты – барлық балалардың психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне, ата-аналарының әлеуметтік және экономикалық мәртебесіне, мәдениетіне, ана-тіліне, бұрынғы оқудағы жетістіктеріне, жеке бас ерекшеліктеріне қарамай білім алуы мен нәтижелі табысқа жетуі үшін қажетті жағдайлар жасау және білім берудің баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету болатын. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болатынын айқындап айтты. Бұл бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастыруға жетелейтіні айтылды.Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі оқушыларды шынайы қарым - қатынас шеңберінде тәрбиелеудің бастауы болмақ екені көзделді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім бере отырып, оларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз деп, жыл бойына жүргізілген жұмыстардың төмендегідей бағыттарын нұсқады.
1. Жылдық мониторинг
2. Төлқұжат
3. Мінездеме
4. Бақылау күнделігі
5. Сабақ кестесі
Математика пәні мұғалімі Иманбаева Сәуле «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беру жүйесі бойынша оқу бағдарламаларын пайдалану» тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында коучинг өткізді. Соңында тәжірибе алмасу мақсатында осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса деген ұсыныс айтылды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беру жүйесі

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.