Ұстаз-ұлы есім

Автор: admin от 6-10-2023, 16:10, посмотрело: 16

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 5-қазан күні Ұстаздар мерекесіне орай 11 «А», «Ә» , «Б», «В» сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс шаралар таңғы сегізден басталып кетті.
Мұғалім шәкіртіне қалай күн көзіндей әр сәт мейір төксе, бұл күні шәкірттері де мұғалімдерін шуақты көңіл күймен қарсы алып, гүл шоқтарын сыйлап, ұстаздар мерейін асырып тамаша көңіл күй сыйлады. Күн де күлімдеп шуағын төгіп тұрды.Бір тамаша көрініс болды.
«Мұғалім — мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес» деген ұлылардан қалған ұлы сөз бар еді. Бұл сәт соның дәлеліндей болды.
Осындай сәттен кейін оқушылар мектебімізде 30-40 жыл қызмет жасаған ардагер ұстаздарды салтанатты түрде қарсы алып, мектеп мұғалімдері мен ардагер ұстаздар қауымы «Ұстаз-ұлы есім» атты мерекелік кештің көрермені болды.Салтанатты кеш мектеп директоры Сихимова Алтынкүл Мадиомарқызының құттықтау сөзінен басталып, мектеп оқушыларының ән, күй , жыр ,би өнерлеріне ұласты.
Кеш соңында ардагер ұстаздар мектеп оқушыларына бар алғыстарын жаудырып, болашақ жас түлектерге «Сәтті сапар» , «Ақ жол» болсын деп бата беріп, елінің ардақты ұлы мен қызы болып өсулеріне тілектестік білдірді. #Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi

Ұстаз-ұлы есім
Ұстаз-ұлы есім
Ұстаз-ұлы есім
Ұстаз-ұлы есім

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.