Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Алимова А. құрмет грамота

Автор: admin от 29-06-2023, 00:30, посмотрело: 123

0
Алимова А. құрмет грамота
Алимова А. құрмет грамота
Алимова А. құрмет грамота

Alimova-A.-rmet-gramota.rar [30,72 Kb] (cкачиваний: 0)

Категория: Мектеп

 

Шаңырақбаева Ж. құрмет грамота

Автор: admin от 29-06-2023, 00:15, посмотрело: 98

0
Шаңырақбаева Ж. құрмет грамота
Шаңырақбаева Ж. құрмет грамота
Шаңырақбаева Ж. құрмет грамота
Шаңырақбаева Ж. құрмет грамота
Шаңырақбаева Ж. құрмет грамота
Шаңырақбаева Ж. құрмет грамота
Шаңырақбаева Ж. құрмет грамота
Шаңырақбаева Ж. құрмет грамота
Шаңырақбаева Ж. құрмет грамота
Shayrabaeva-Zh.rar [50,98 Kb] (cкачиваний: 0)

Категория: Мектеп

 

Памятка

Автор: admin от 23-06-2023, 06:14, посмотрело: 51

0

Категория: Мектеп

 

Болашақ жастардікі

Автор: admin от 22-06-2023, 06:06, посмотрело: 63

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 21 маусым күні «Болашақ жастардікі» атты салтанатты аттестат тапсыру кешіне мектеп ұстаздары мен бітіруші түлектеріміздің ата-аналары қатысты. Тарыдай болып келіп мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер, араға 11 жыл салып, мектепке жетектеп әкелген ата-аналарымен бірге алтын ұясымен қимай қоштасты. Он бір жыл оқыған білімнің, рухани тәрбиенің жемісін көретін күнде келіп жетіпті. Биыл да мектеп бітірген 62 түлектін бір оқушысы "Алтын белгі", үш оқушысы " Үздік аттестат" иегерлері атанды. Бұл бүкіл педагогикалық ұжымның,білікті ұстаздардың тынымсыз еңбегімен маңдай тері. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл - қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі болмақ. Жолдарың ашық болсын, түлектер!

Болашақ жастардікі
Болашақ жастардікі
Болашақ жастардікі
Болашақ жастардікі
Болашақ жастардікі

Категория: Мектеп

 

«АЛТЫН БЕЛГІ» МАРПАТТАЛДЫ

Автор: admin от 22-06-2023, 06:04, посмотрело: 93

0
«АЛТЫН БЕЛГІ» МАРПАТТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 21 маусым күні Шу ауданының әкімі Бақытжан Оразалыұлы Жәнібеков аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Алтын белгі» иегерлерін салтанатты түрде қабылдады.
Марапаттау жиынына аудан мектептерінің біліктіліктері мен білімдерін дәлелдей білген Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің мектеп бітіруші түлекгі 135 балл иегері Саулебаев Қайсар, ата-ана Мырзабекова Орал, мектеп директоры Сихимова Алтынкул Мадиомарқызы және сынып жетекшісі Кумарбаева Салтанат Умиталиевна қатысты.
Шара барысында аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлы әр түлекпен жеке – жеке танысып, оқушылардың бұл жетістігі білімді де өнегелі ұрпақ тәрбиелеу жолындағы аудан мектептерінің педагогикалық ұжымның еңбегінің арқасы екендігін айтты.
Марапат иелеріне үлкен өмірде биік белестерді бағындыру жолында сәттілік тіледі.
Бойына отансүйгіштік қасиет дарыған, білімді, ой-өрісі кең азамат болып қалыптасуларына, күш-жігерлерін еліміздің берекесі мен байлығын арттыруға жұмылуға, өмірден өз орындарын табуға тілектестігін білдірді.
Айта кету керек, биылғы оқу жылында 32 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, оның ішінде мектебіміздің түлегі Саулебаев Қайсардың сол қатардан көрінгеніне біз мектеп әкімшілігі өте қуаныштымыз.

«АЛТЫН БЕЛГІ»  МАРПАТТАЛДЫ
«АЛТЫН БЕЛГІ»  МАРПАТТАЛДЫ

Категория: Мектеп

 

Өрт тілсіз жау

Автор: admin от 16-06-2023, 06:03, посмотрело: 82

0
Өрт тілсіз жау. Өртті болдырмау, өрт шыққанын білгенде не істеу керектігін, не істеуге болмайтынын, зардап шегушіге қандай алғашқы көмек көрсету керектігің, өрт болған жағдайда қайда хабарласу керектігін білу мақсатында баршаның білуі тиіс деп білетін жайттармен хабардар ету.
Өрт шыққанын білгенде…
1. Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;
2. Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. «Менен де басқалар хабарласқан шығар» деп отыруға болмайды;
3. Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;
4. Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;
5. Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз;
6. Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;
7. Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;
8. Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек;
9. Пәтерден шықпас бұрын есіктің ар жағында оттың бар-жоғын тексеріңіз. Ол үшін есікке жақын барып, оның тұтқасы сияқты металды жерлерін ұстап көріңіз. Ол ыстық болса, есікті ашпаңыз. Керісінше, есіктің саңылауларын дымқыл матамен бітеп тастаңыз. Есіктің бер жағына су шашыңыз;
10. Ауыз-мұрныңызды дымқыл матамен жауып, пәтердегі барлық адамдарды балконға алып шығыңыз. Балкон болмаған жағдайда, терезені ашып, сырттағыларға белгі беріңіз. Олардың сізді естігеніне сенімді болсаңыз, барлық адамдарды алып, жуыну бөлмесіне кіріп, есігін ішінен мықтап жабыңыз. Ол жерде суды ағызып, үстілеріңіздегі барлық киімді сулау керек. Сол жерде көмек күтіңіз;
11. Өрт шатырда немесе жертөледе шықса, өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенше өрт шыққан аумаққа апаратын есік-терезелерді, люктарды жауып тастау керек;
12. Өрт шыққан үйден адамдарды эвакуациялау кезінде балалардың төсектің астына, сөрелер мен қуыстарға тығылып қалатынын естен шығармаңыз.
Не істеуге болмайды?
1. Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Одан да киімді шешуге тырысу керек, болмаса еденге жатып аунау керек. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз;
2. Терезелерді ашып, түтінді шығаруға болмайды. Таза ауа отты өршітеді;
3. Лифтті қолданбаңыз. Өрт кезінде электр тоқтары өшірілетін болғандықтан, лифт кез келген жерде тоқтап қалуы мүмкін;
4. Қорқынышқа бой алдырып, жоғарғы қабаттан секіруге болмайды.
Зардап шеккендерге алғашқы көмек
1. 103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз;
2. Күйік алған адамдардың үстіндегі киімін шешуге болмайды. Күйген жеріндегі киімін қиып, теріге жабысқан күйі қалдыру керек. Күйікті спирттелген немесе марганец ерітіндісіне батырылғын матамен жабады;
3. Өте үлкен күйікке шалдыққан адамды үлкен матаға немесе төсек жаймасына орап, ыстық сусын беріп, жылылау керек;
4. Түтінге уланған адамды таза ауаға алып шығу қажет.
Өрттің алдын алу үшін:
1. Үйде темекі шекпеңіз. Толық сөндірілгеніне көзіңіз жетпей терезеден лақтырмаңыз;
2. Тамақ істеп жатқанда газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз;
3. Электр тогы мен газ құбырларын үнемі тексеріңіз. Қандай да бір ақау барын байқасыңыз, бірден арнайы мамандарға хабарласыңыз;
4. Өртке арналған сатылар мен төтенше жағдайда шығатын есіктерді жаппаңыз;
5. Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетңіз. Себебі, өрт шыққанда оның нұсқаулығын оқып тұруға уақытыңыз болмайды;
6. От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз;
7. Балаларыңызға Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің нөмірлерін жаттатыңыз:
• Өрт сөндірушілер — 101
• Полиция — 102
• Жедел жәрдем — 103
• Газ апатынан құтақру қызметі — 104
• Құтқару қызметі — 109

Өрт тілсіз жау
Өрт тілсіз жау
Өрт тілсіз жау

Категория: Мектеп

 

Қазақтың болашағы қазақ тілінде

Автор: admin от 15-06-2023, 06:01, посмотрело: 75

0
Мектебімізде Ахмет Байтұрсыновтың 151 жылдығына орай "Қазақтың болашағы қазақ тілінде» атты танымдық сағаты өтті. Мақсаты: ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Танымдық сағат ақынның «Қасқыр мен лақ» шығармасынан көрініс қоюмен басталды. 9 «А» сынып оқушылары ақынның туылған жері туралы, білім алған және жұмыс жасаған жері мен еңбектері туралы, сонымен қатар ақынның жазған өлеңдерін нақышына келтіріп оқып шықты. Жансары Арайлым мен Қонысбай Жанель «Балбырауын» күйін тамаша орындап шықты.

Қазақтың болашағы қазақ тілінде
Қазақтың болашағы қазақ тілінде
Қазақтың болашағы қазақ тілінде
Қазақтың болашағы қазақ тілінде
Қазақтың болашағы қазақ тілінде

Категория: Мектеп

 

Мұражай

Автор: admin от 9-06-2023, 05:59, посмотрело: 53

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің 5 сыныбының сынып жетекшісі Ә.Ұлжан өзінің сыныбын қаладағы мәдени ескерткіштермен танысу мақсатында экскурсияға апарды. Атап айтқанда 5 сынып оқушылары Сәду Шәкіров ескерткіші, "Жеңіс” паркінде орналасқан Саттар Естемесов сынды ескерткіштермен танысып, тарихын біліп қайтты.

Мұражай
Мұражай
Мұражай
Мұражай

Категория: Мектеп

 

Мұражай

Автор: admin от 8-06-2023, 05:58, посмотрело: 55

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) тарих пәні мұғалімі З.Кокееваның ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылары аудандық мұражайға барып қайтты. Мақсаты: Оқушыларға мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, ескі табиғи заттардың қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру.

Мұражай
Мұражай
Мұражай
Мұражай
Мұражай

Категория: Мектеп

 

Түркістан

Автор: admin от 7-06-2023, 05:56, посмотрело: 58

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің жоғары сынып білім алушылары тарихы терең Түркістан өңіріне барып, тарихи-мәдени экскурсия жасады. Білім алушыларымыз Көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші -Арыстан баб кесенесі, түркі әлемінің рухани орталығына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Қазақстандық Венеция атанған Керуен сарайы, Тараз қаласындағы Тектұрмас тарихи-этно мәдени кешені, Тектұрмас күмбезі, Қарахан, Айша бибі кесенелеріне барып, тарихи ескерткіштермен , көптеген танымдық ақпараттар мен көне жәдігерлермен танысты.

Түркістан
Түркістан
Түркістан
Түркістан
Түркістан

Категория: Мектеп