Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жомарт түлек

Автор: admin от 22-05-2023, 02:26, посмотрело: 20

0
12 мамыр күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ұйымдастыруымен «Жомарт түлек» атты әр түрлі жылдарда мектеп бітірген түлектермен форум өтті.
Мақсаты: Осы мектепті бітірген түлектер әр саланың мамандық иелері ретінде, жеткен жетістіктері туралы, білім берген ұстаздары туралы мектеп оқушылармен сұхбаттасып, пікірлесу.
Форумды мектебіміздің директоры Сихимова Алтынкүл Мадиомарқызы құттықтау сөз сөлеп ашты. Форумды мектебіміздің түлегі Спанәлі Серік жүргізді. Форум барысында мектебіміздің түлектерін ортаға қошеметпен шақырып, олардың әр түрлі салада қызмет жасап жатқандарын атап өтті.
Форум барысында түлектерміз қазіргі таңда әр түрлі салада ауданымызда қызмет етіп жүрген мамандар әр мамандықтың өз қиындығы мен қызығы болатынын айтып, өмірде қол жеткізген мақсат- мұраттарымен бөлісіп, мектепті аяқтағалы отырған 11 сынып оқушыларына ақыл- кеңестерімен бөлісіп, сәттілік тіледі. Түлектермен кездесу форумында мектебіміздін оқушыларының орындауында «Қазағым», «Қазақпын» әнін орындап , «Сырғалым» би тобы өнер көрсетті. форум соңында мектеп түлектері ұрпақ тәрбиелеу жолында адал қызмет етіп отырған мектеп ұстаздарына ыстық ықыластарын білдіріп, құрмет көрсетті.
Жомарт түлек
Жомарт түлек
Жомарт түлек

Категория: Мектеп

 

ҚҰРМЕТТІ АТА – АНАЛАР!

Автор: admin от 22-05-2023, 02:24, посмотрело: 26

0
ҚҰРМЕТТІ АТА – АНАЛАР!
2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша, ата-аналар және оқушы тарапынан ақша жинауға,көліктерде серуендеуге, табиғатқа саяхатқа шығуға қатаң тиым салынатындығын ескертеді!
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі –сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында:
-мектепке бітіруші түлек ретінде сыйлық бермеу;
-мектеп әкімшілігіне,сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне сыйлықтар беруге тыйым салу;
-бірыңғай мектеп формасын кию,
-соңғы қоңырауда көлікте серуендеу,
-кафеде отырыс жасау,тауға саяхат жасау сияқты ақша жиналатын және құқық бұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау керек.
Емтихан кезінде ақша жинамау,дастархан жаймау керектігін ескертемін!
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» дейді Әл-фараби бабамыз.
Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертеміз. Бала қауіпсіздігі барлығымызға ортақ міндет!!!
Шу ауданы, Төле би ауылы, Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО).
Тел: 8-702-932-28-06
Тел: 3-12-58
ҚҰРМЕТТІ АТА – АНАЛАР!

Категория: Мектеп

 

ас мәзірі 22-26.05.2023

Автор: admin от 22-05-2023, 00:19, посмотрело: 25

0
ас мәзірі 22-26.05.2023

Категория: Ыстық тамақ қамту