Жомарт түлек

Автор: admin от 22-05-2023, 02:26, посмотрело: 20

0
12 мамыр күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ұйымдастыруымен «Жомарт түлек» атты әр түрлі жылдарда мектеп бітірген түлектермен форум өтті.
Мақсаты: Осы мектепті бітірген түлектер әр саланың мамандық иелері ретінде, жеткен жетістіктері туралы, білім берген ұстаздары туралы мектеп оқушылармен сұхбаттасып, пікірлесу.
Форумды мектебіміздің директоры Сихимова Алтынкүл Мадиомарқызы құттықтау сөз сөлеп ашты. Форумды мектебіміздің түлегі Спанәлі Серік жүргізді. Форум барысында мектебіміздің түлектерін ортаға қошеметпен шақырып, олардың әр түрлі салада қызмет жасап жатқандарын атап өтті.
Форум барысында түлектерміз қазіргі таңда әр түрлі салада ауданымызда қызмет етіп жүрген мамандар әр мамандықтың өз қиындығы мен қызығы болатынын айтып, өмірде қол жеткізген мақсат- мұраттарымен бөлісіп, мектепті аяқтағалы отырған 11 сынып оқушыларына ақыл- кеңестерімен бөлісіп, сәттілік тіледі. Түлектермен кездесу форумында мектебіміздін оқушыларының орындауында «Қазағым», «Қазақпын» әнін орындап , «Сырғалым» би тобы өнер көрсетті. форум соңында мектеп түлектері ұрпақ тәрбиелеу жолында адал қызмет етіп отырған мектеп ұстаздарына ыстық ықыластарын білдіріп, құрмет көрсетті.
Жомарт түлек
Жомарт түлек
Жомарт түлек

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.