Жомарт түлек 2022

Автор: admin от 10-02-2022, 21:49, посмотрело: 144

0
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) ақпан айының оныншы жұлдызында «Жомарт түлек 2022» жобасы аясында өткізіліп отырған «Танымал түлек» атты онлайн – кездесу кеші өтті. Бұл кездесуге осы мектепте оқып білім алған қазіргі уақытта Павлодар қаласындағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка – драма театрының актрисасы Бодаубек Айкүн Айбатқызы қонақта болды. Іс шараға мектебіміздің 9 - 11 csysg оқушылары ат салысты. Бұндағы мақсат болашақ бітіруші түлектерге кәсіби бағыт бағдар беру. Кездесу өте қызықты өтті. Келген қонағымыз түрлі сұрақтарға жауап берді, берілген жағдаяттардан шығу жолдарын іздестірді. Қазіргі болашақ түлектерге әпкелік ақыл – кеңестерін берді. Бітіруші түлектерге жылы лебізін білдірді. Оқушыларлың сұрауы бойынша М. Мақатаевтың өлеңін көркем түрде шебер орындап берді.
Сөз соңында мектебіміздің ұстаздары танымал түлегімізге болашақта жарқын белестерді бағындыра беруін тілеп, ақ тілегін жаудырды.

Жомарт түлек  2022
Жомарт түлек  2022
Жомарт түлек  2022
Жомарт түлек  2022

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.